Атырау, 25 сәуір 06:22
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Оқиғалар тізбегі

2 523 просмотра


9 тамызда Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында жеке үйдің ауласында 55 жастағы ер адам үш метрлік шұңқырға құлап кетті. «Жедел жәрдем зембілін арқанмен байлап, құтқарушылар оны сақтықпен жоғарыға тартып шығарды», - деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметі. Зардап шегуші облыстық ауруханаға жатқызылды, оның жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.

                                                                 ***

13 тамызда сағат 11:09-да ТЖД-ға Баймұханов көшесіндегі бес қабатты 43-үйдің 4-қабатындағы пәтерлердің бірінен өрт шыққаны туралы дабыл түсті. Өрт сөндірушілер пәтерге кіріп, дәлізде еденде жатқан тіршілік нышаны жоқ қарт әйелді тауып алды. Оны сыртқа алып шыққанымен, дәрігерлер газдан уланып көз жұмғанын мәлімдеді. ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт сағат 11.38-де өшірілді, өрттің шығу себебі анықталуда.

ТЖД баспасөз қызметі жолдаған сурет

15 тамыз 2018, 15:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.