Атыраудағы ақша айырбастау қосындарында кеше, 14 тамызда кешкісін доллар 363 теңгеден сатылды. Ал Ұлттық банктің Атырау филиалы басшысының орынбасары Айгүл ИБРАЕВА мұнай астанасында шетел валютасына дүрлікпе сұраныс жоқ деп есептейді.
- Біз ахуалды бақылауға алдық, сенбіден бастап негізінен «Насиха» базарының маңындағы айырбастау қосындарына мониторинг жүргізіп отырмыз. Дүрлігу байқалмайды, - дейді Ибраева.
Оның пікірінше, қазір еңбек демалысы кезеңі болғандықтан, долларға сұраныс жоғары болып отыр. Бұл кезең аяқталғанда теңгені шетел валютасына айырбастаушылар саны азаяды.
Анастасия АЛЮШИНА