Атырау, 25 қараша 23:02
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау өлкесі туралы оқулық

2 248 просмотра


Жаңа оқу жылында Атырау облысындағы орта мектептердің 5-7 сыныптарында жергілікті мамандар дайындаған «Өлкетану» оқулығы бірқатар пәндер бойынша сабақтарда қолданылады. Бұл туралы Білім басқармасының әдістемелік орталығының бөлім басшысы Орынтай БИМАНОВА брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, оқулық мазмұны география, музыка, қазақ тілі, қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы бойынша өңірімізге қатысты тақырыптарды қамтиды. Пән мұғалімдері оны қосымша құрал ретінде пайдаланады.

- Оқулықты құрастыруға Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің оқытушылары, облыстық мұрағат, облыстық өлкетану музейі, ескерткіштерді қорғау инспекциясы қызметкерлері және басқа да мамандар қатысты. Таралымы - 28 мың дана, - деді Биманова.

Фархат ӘБІЛОВ

15 тамыз 2018, 14:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.