Тергеушілер Саратов облысы Энгельс аудандық сотының судьясының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Ер адамды атып кеткен, деп хабарлайды ТАСС агенттігі өңірлік Тергеу комитетінің тергеу басқармасына сілтеме жасап.
«РФ ҚК-нің 105-бабы, 1-бөлігі («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, судья оқ тиіп, көз жұмған. Аталмыш қылмысқа күдікті азамат ұсталды», - деді агенттікке сұхбат беруші.
ТАСС агенттігіне құқыққорғау органдарының өкілі мәлім еткендей, қаза тапқан азамат Ринат Кудашев болып шықты. Жергілікті БАҚ оның 2015 жылдың қаңтар айынан судья болып қызмет еткенін жариялады.
Алдын ала берілген ақпаратқа сәйкес, судьяны өлтіруге туыстарымен арада туындаған жанжал себеп болуы мүмкін.
Дереккөз: inform.kz