Атырау, 29 қараша 23:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Кремль Сенцовтың анасына ұлына рақымшылық жасаудан бас тартты

1 340 просмотра


Кремль украиналық режиссер Олег Сенцовтың анасына ұлына рақымшылық жасау туралы өтінішін орындаудан бас тартты. Рақымшылық жасау процедурасын бастау үшін Олег Сенцов Ресей президенті Владимир Путинге жеке өзі қайырылуы тиіс. Бұл жайында Ресей президенті әкімшілігі жанындағы Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету басқармасының Сенцовтың анасына жолдаған жауабында айтылады.

Сенцовтың анасы Путиннен ұлына рақымшылық жасауды 13 шілде күні сұраған. Ол кезде Олег Сенцовтың Ресей түрмелеріндегі барлық саяси тұтқынды босатуды талап етіп, аштық жариялап жатқанына екі ай болған.

Кремльдің жауабында сотталушының өзіне рақымшылық жасау туралы президентке жазған өтінішін қарау кезінде басқа да тұлғалар, оның ішінде туыстарының өтініші де ескерілетіні айтылады. Жауап құжатында Олег Сенцов Ресей азаматы деп көрсетілген. Олег Сенцов пен Украина билігі мұны терістейді.

Олег Сенцовтың әпкесі Наталья Каплан президент әкімшілігінің жауабын рақымшылық жасаудан бас тарту деп бағалады. Ресейде бұған дейін түрмеден босатылған украиналық тұтқындар Надежда Савченко, Ильми Умеров және Ахтем Чийгоз өздеріне рақымшылық жасау туралы өтініш жазбаған. Дегенмен, олар босатылып, Украинаға қайтарылған.

Дереккөз: azattyq.org

15 тамыз 2018, 09:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.