Наразы тұрғындар Кассациялық сотқа Кочарянді қайта тұтқындау туралы арыз түсірілуін талап етті.
"Біздің басты сұрайтынымыз - Роберт Кочарянді дереу тұтқындаңдар. Біз Никол Пашинян прокуратураға кісі өлтірушіні тұтқындауға пәрмен береді деп үміттенеміз. Егер іс кассациялық сотқа түссе, оның ашылатынына сенемін" деді Азаттықтың Армения редакциясына 2008 жылғы оқиғаларда қаза тапқандардың бірі - Гор Клояннің әкесі Саргис Клоян.
Прокуратура өкілдері наразылық танытушылармен кездесетінін хабарлады.
13 тамыз күні апелляциялық сот Роберт Кочарянді қамауға алу туралы алғашқы сот инстанциясының шешімн бұзып, оны босату туралы шешім шығарған.
1998-2008 жылдары Армения президенті болған 63 жастағы Роберт Кочарян биыл 27 шілде күні 2008 жылы даулы президент сайлауынан соң оппозиция өткізген наразылық шеруін күшпен басып-жаншыды деген күдікпен қамауға алынған. Аталған демонстрацияны күшпен тарату кезінде полиция күш қолданып, 10 адам - сегіз демонстрант пен екі полицей қаза тапқан.
Кочарян өзіне тағылған "Арменияның конституциялық құрылымын күшпен құлатпақ болды" деген айыпты саяси астары бар деп терістеген.
Дереккөз: azattyq.org