Атырау, 17 желтоқсан 17:07
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Д.Трамп әскери бюджетке қол қойды

1 872 рет қаралды


АҚШ президенті Дональд Трамп 2019 жылға арналған әскери бюджетке қол қойды. Бұл рәсім Форт-Драм әскери базасында өткен.

Жаңа бюджет бойынша, ел қорғанысына 716 миллиард доллар бөлінеді. Бұл – соңғы 15 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жаңа заң АҚШ қарулы күштерінде сарбаздар саны мен олардың жалақысын арттыруды қарастырып отыр.  

Сондай-ақ бюджет бойынша ғарышты әскери мақсатта қолдануға және киберқауіпсіздік құралдарына қаржылдандыру өсетін болды. Дональд Трамптың айтуынша, бұл бюджет АҚШ әскеріне кез келген жанжалда жеңіске жетуге мүмкіндік береді. 

Дональд Трамп, АҚШ президенті: - Келесі жылы ең үздік ұшақтар мен кемелер, танктер мен зымырандармен жабдықтаймыз. Әлемде оларды бізден сапалы жасайтын ел жоқ. Әрине, әскеріміз қуатты. Мынау қару-жарақтың бәрі өзімізде жасалған. Демек тұрғындарымыз қосымша жұмыс орындарымен қамтылғанын да айтып кету керек.

Дереккөз: 24.kz

14 тамыз 2018, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.