Иран Ислам Республикасының СІМ басшысы Джавад Зариф АҚШ тарапынан жасалған экономикалық қысым әрекеттері Иранға ешқашан да Таяу Шығыстағы өзінің саясатын өзгерттіре алмайды. Бұл туралы дүйсенбі, 13 тамызда Иран Ислам Республикасының СІМ басшысы Джавад Зариф «Әл-Жазира» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеген.
«Иран ешқашан да АҚШ- тың санкцияларына бола аймақтағы саясатын өзгертпейді», - деген ол. Д.Зариф сонымен қатар, Уашингтонмен келіссөз жасасудың мүмкін еместігін де айтқан. «Біз Біріккен Штаттармен олар санкция әрекеттерін тоқтатып, өзге елдерді сыйлап, мемлекет сияқты әрекет еткенде ғана диалог жасасатын боламыз» , - деген.
Айта кететін жайт, осыдан бұрын, яғни дүйсенбі күні ИИР-ның рухани жетекшісі, аятолла Әли Хаменеи де АҚШ-пен қандай да бір келіссөздер жасасуға қарсылығын білдірген еді. Бәрімізге белгілі, осы жылдың мамыр айында АҚШ президенті Дональд Трамп «Ортақ қадам жан-жақты бағдарламасынан» шығатынын мәлімдеп, бұрынғы санкциялардың қатарына жаңаларын енгізетінін айтқан еді. Америкалық санкциялардың бірінші бөлігі 7 тамызға қараған түні енгізілген болатын.
Дереккөз: “The Qazaq Times”