Атырау, 29 қараша 23:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Ресей миллиардерлері бір күнде 3,1 миллиард доллар жоғалтты

1 482 просмотра


Ресейлік миллиардерлер бір күнде үш миллиард доллардан астам қаржы жоғалтты. Bloomberg агенттінің хабарлауынша, бұл жағдай Ресей президенті Владимир Путиннің экономикалық кеңесшісі Андрей Белоусов елдегі ең ірі металлургиялық және тау-кен компанияларына салықты көтеруді ұсынған соң болып отыр. 

Белоусов осылайша Владимир Путиннің мамырда шығарған жарлығын іске асыруға 500 миллиард рубль шығарып алуға кеңес берген.

Президентке жазған хатында Белоусов бюджетке көбірек қаржы құя алады деген 14 компанияны атаған. Осының салдарынан ол компаниялар акцияларының құны төмендеген, ал әлеуетті инвесторлар олардың кейбірімен бірлескен жобалардан бас тартқан.

Миллиардерлердің нақты уақыт шегінде дәулетінің артып, я кемігенін бақылап отыратын Bloomberg Billionaires индексі бойынша, салыққа қатысты ұсыныстан Новолипецк металлургиялық комбинатының иесі - Владимир Лисин ең көп зардап шеккен. Ол 832 миллион доллар (немесе байлығының 4 пайызы) жоғалтқан. Одан кейінгі орындардағы Магнитогорск металлургиялық комбинатының иесі Виктор Рашников 446 милион доллар, "Северсталь" компаниясының иесі Алексей Мордашов 444 миллион доллар жоғалтқан. Геннадий Тимченко, Әлішер Усманов, Роман Абрамович және Владимир Потанин де қаржылай шығынға ұшыраған.

РБК агенттігінің хабарлауынша, Путин Белоусовтың хатына оның ұсынысымен келісетіні туралы қол қойып берген. Алайда, Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ақпаратты терістеді.

Дереккөз: azattyq.org

14 тамыз 2018, 10:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.