Атырау, 29 қараша 23:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Қытай мұсылмандары наразылық акциясына шықты: билік ірі мешітті сүріп тастамақ

1 600 просмотра


Қала билігі жүздеген мұсылманның наразылық акциясынан кейін жаңа мешітті сүруді кейінге қалдырды. Қытайдың солтүстік-батысындағы Вэйчжоу қаласының билігі жүздеген мұсылманның наразылық акциясынан кейін жаңа мешітті сүруді кейінге қалдырды, деп хабарлайды The Times of Israel.

Жергілікті билік құрылысшылардың қажетті рұқсат қағаздарын алмағанын айтып, мешітті сүруді талап еткен. Шенеуніктер 10 тамызға дейін уақыт берген. Бұл осы аймақта тұрып жатқан этникалық мұсылмандардың наразылығын тудырып, олар 9 және 10 тамызда бейбіт акцияға шығады.

Басылымның хабарлауынша, тұрғындар мешіттің жанынан түн болғанша жергіліктің биліктің өкілдері келгенше дейін кетпей қояды. Шенеуніктер ғимаратты қалпына келтіру жоспары жергілікті халықпен келісілетінін айтып, оған дейін мешітке тиіспеуге уәде берген.

Дереккөз: sputniknews.kz

11 тамыз 2018, 13:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.