Атырау, 9 қазан 21:33
 дождьВ Атырау +19.3
$ 448.94
€ 502.05
₽ 5.26

​Ұшқыштардың ереуілі салдарынан 55 мың еуропалық зардап шегуде

1 486 рет қаралды


55 мың еуропалық жолаушы Ирландияның мемлекеттік «Ryanair» әуекомпаниясының ұшқыштары жасаған ереуілдің кесірінен зардап шегуде, - деп хабарлайды «20minutes.fr» агенттігі. 

Ереуілдің салдарынан көбіне-көп Германия тұрғындары зиян шегуде. Ақпарат агенттігінің айтуынша, қазіргі сәтте 42 мың адам діттеген жеріне жете алмай отыр. Осыған дейін, әуекомпания ереуіл басталған уақыттан бері (Астана уақытымен, таңғы сағат 7:01 де) 400 рейсті ұшырмай тастаған. 

Оның 250-і Германияға бағыт алатын немесе неміс әуежайларынан ұшу сапарын жүзеге асырушы рейстер екен. Қалған рейстер Бельгияға, Швецияға, Ирландияға және Нидерландыға ұшуы тиіс болған. 

Айта кету керек, аталған әуекомпанияның ұшқыштары түнгі сағат 4:01-де (АСТ: 7:01) ереуілге шыққан. Олар жалақыларын көтеріп, еңбек шартын жақсартуды талап етуде. Бұл Ирландия әуе тасымалы тарихындағы ең ауқымды ереуіл болып саналады. 

Дереккөз: “The Qazaq Times”

10 тамыз 2018, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.