Атырау, 29 қараша 23:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​ДСҰ басшысы: Дүниежүзілік сауда-саттық аса үлкен дағдарыстың алдында тұр

3 820 просмотра


Дүниежүзілік Сауда Ұйымының басшысы  Роберто Азеведо әлемдік сауда-саттыққа  қауіп төніп тұрғанын хабарлады. 

Бұл туралы британиялық «The Independent» интернет-басылымы Р.Азедевоның сөзіне сілтеме жасап хабарлайды. Оның сөзінше, сауда-саттықты шектеу шаралары соңғы жарты жылда  бұрын-соңды болып көрмеген көлемге жеткен. 

Олардың  арасында тарифтер, жеңілдіктер және кедендік қағидалардың қатаңдатылуы сияқты шектеулер бар. ДСҰ-ның бас директоры мұндай шаралардың соңы экономикалық ауыр зардаптарға, соның ішінде жұмыс орындарының жойылуы мен экономикалық өсімнің кемуіне себеп болуы мүмкін деген. 

Бұдан бұрын, АҚШ билігі қытайлық экспорт тауарларға 25% пайыздық кеден салығын енгізілгені туралы хабарланған еді. Бейжің осыған  жауап ретінде америкалық тауарларға  16 млрд долларлық жаңа салықтар енгізуге шешім шығарған болатын. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

10 тамыз 2018, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.