Атырау, 29 қараша 23:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Мәскеу мен Пекин ресейлік банкті БҰҰ қара тізіміне қосқызбады

2 002 просмотра


Ресей мен Қытай АҚШ-тың ресейлік банкті және Мәскеуде тұратын солтүстіккореялық банкирді БҰҰ-ның қара тізіміне енгізу ұсынысын өткізбей тастады. Бұл туралы БҰҰ дипломаттары хабарлады.

Ресей мен Қытай 9 тамызда АҚШ-тың БҰҰ-ның санкция жөніндегі комитеті Солтүстік Кореяға қаржы операцияларын жүргізуге салынған санкцияны бұза отырып, көмек көрсетті деп айыпталған коммерциялық "Агросоюз" банкінің активтерін бұғаттауы керек деген ұсынысына қарсы шықты. АҚШ сонымен қатар Солтүстік Корея сыртқы сауда банкінің Мәскеудегі өкілінің орынбасары Ли Чжон Вон мен солтүстіккореялық екі компанияға да санкция салуды талап еткен еді.

АҚШ ұсынысын БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Солтүстік Кореяға санкция салу жөніндегі комитетіне түсірген. Оған қатысты шешім ортақ келісім негізінде қабылданады. БҰҰ дипломаттарының хабарлауынша, Ресей АҚШ-тың ұсынысына дәлел жеткіліксіз екенін мәлімдеген. Қытай да ұсынысқа қарсы шыққан.

АҚШ Пхеньянға қарсы санкцияны қатаңдатуды қолдайды. Ал Ресей мен Қытай таяуда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне Солтүстік Кореяның ядролық қару мен баллистикалық зымыран сынауды тоқтатып, Вашингтонмен Корей түбегін ядролық қарудан арылту жөнінде келіссөз жүргізуіне байланысты санкцияны жеңілдету жайын талқылауды ұсынған.

Дереккөз: azattyq.org

10 тамыз 2018, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.