Атырау, 30 қараша 00:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 511.22
€ 540.05
₽ 4.73

​Косова Сербияның оңтүстік территориясын қосып алуға ниетті

1 537 просмотра


Сербияның оңтүстігіндегі Медведжа, Прешево және Буяновац әкімшілік аумақтарында тұратын этникалық албандардың Косоваға қосылу туралы талаптары ЕО-тың қолдауымен өтетін Белград пен Приштинаның ара-қатынасын реттеу туралы келіссөздер аясында назардан тыс қалмау керек. 

Бұл туралы Косова президенті Хашим Тачи мәлімдеді, - деп хабарлайды «france24.com/fr». «Медведжа, Прешево және Буяновац әкімшілік аумақтарының саяси лидерлерінің талаптары орынды. 

Мен Брюссельде олардың талаптарын жеткізуге разымын» , - деген косовалық лидер. Оның айтуынша, осы ұсынысты жүзеге асыру оңайға соқпайды. 

Алайда, Сербиямен арадағы шекараны түзету  — еларалық кикілжіңді тоқтататын жалғыз жол. 

«Шекараны түзету Медведжа, Прешево және Буяновац әкімшілік аумақтарының Косоваға қосылуын қарастырады. Бұл Косова мен Сербия арасындағы бейбіт, анық әрі жауапты үдеріс болар еді. Егер, екі тарап келісіп жатса, бұған ешкім кесе-көлденең тұра алмайды. Прешево жазығы қосылған жағдайда, Косова өзінің Конституциясын өзгертеді», - деген президент Тачи. 

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Хельсин кездесуі кезінде Ресей президенті Владимир Путин АҚШ президенті Дональд Трампқа Косованы бөліп, көбінесе серб халқы қоныстанған Сербияның солтүстігіне қайтаруды ұсынған. 

Негізінде, Еуроодақ та Сербияның одаққа мүше болуы туралы келіссөздерді 2014 жылдан бері жүргізіп келеді. 

Алайда, Брюссель ЕО-ның ешқандай мүше-мемлекетінің аймақтық немесе шекаралық дауы болмауы керек деп, бұл үдерісті кейінге қалдыруда. Ал, Сербия өз кезегінде Косованың 2008 жылы жарияланған тәуелсіздігін әлі мойындамай келеді. 

Дереккөз: “The Qazaq Times

9 тамыз 2018, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.