Атырау, 25 қараша 23:05
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау көпірінен секірмек болған қыз құтқарылды

Бейнежазба
3 999 просмотра


Өткен демалыс күндері Атырауда полицейлер мен екі жүргінші Авангард пен Жилгородок арасындағы көпірден секірмек болған қыздың өз өзіне қол жұмсауына жол бермеді.

Алдымен Атырау ІІБ жедел басқару орталығындағы бақылау камераларынан көпір таянышына шығып алған қыздың өзгеше әрекетін байқайды. «Батыс-18» экипажы тез арада жетіп, екі полицей қызды таяныштан тартып шығаруға кіріседі, бірақ қыз қатты қарсылық көрсеткен. Сол кезде өтіп бара жатқан екі жүргінші келіп үлгеріп, бірлесіп қызды қауіпсіз жерге шығарып алады.

Құтқарушылардың есімі: кіші лейтенант Азамат ТІЛЕПҚАЛИЕВ, кіші сержант Бекжан МЫРЗАҒАЛИЕВ, «Атырау-Ақпарат» ЖШС баспаханасының қызметкерлері Амантай ИЛИЕВ пен Сағынжан ҒИЗАТУЛИН.

- Сейсенбі күні, кешкі ауысым кезінде қызды құтқару үшін полицияға көмек көрсеткен Амантай Илиев пен Сағынжан Ғизатулин Атырау ІІБ басшылығының алғыс хатымен марапатталды. Біздің екі қызметкеріміз де марапаттарға ұсынылады, - деді Атырау облыстық ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл ҚАЙСАҒАЛИЕВА. - Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабына («Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу») сәйкес сотқа дейінгі дейінгі тергеу жұмыстары басталды.


Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Бейнежазбаны ІІД баспасөз қызметі ұсынды

9 тамыз 2018, 14:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.