Атырау, 17 желтоқсан 17:09
 бұлттыВ Атырау -1
$ 519.61
€ 610.13
₽ 6.54

​Кемероводағы өрт: Айыпты өрт сөндіруші өз-өзіне қол жұмсамақ болған

1 928 рет қаралды

Тергеу сауда орталығын сөндіру кезінде немқұрайлылық танытты деп айып таққан Кемерово облысы бойынша Федералдық шекара қызметінің бірінші жасағына қарасты өрт сөндіру қызметінің басшысы Андрей Бурсин тергеу изоляторында өзіне-өзі қол жұмсауға тырысқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішісі ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

«Бурсиннің жүйкесі сыр берген, сөйтіп өзіне-өзі қол жұмсамақшы болып, ауруханаға түсті», - деді агенттікпен сұхбаттасушы. 

Еске салайық, 25 наурызда Кемеровода «Зимняя вишня» сауда ойын-сауық орталығы өртке оранған еді. Қайғылы оқиға салдарынан 60 адам қаза тапты. 

Олардың қатарында 40 бала болған. Сондай-ақ, «Зимняя вишня» сауда орталығындағы қайғылы оқиғадан  57 жастағы «Павлодар-Водоканал» ЖШС қызметкері Марина Баранова мен оның қызы Наталья Устинова және 4 жасар немересі Ульяна Устинова ажал құшты.

Дереккөз: inform.kz

9 тамыз 2018, 12:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.