Атырау, 27 сәуір 02:13
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Ең әдемі жұп

3 676 просмотра

Атыраулықтар Қостанайда өткен арбада отырып билеу бойынша ҚР екінші чемпионатында жүлделі орындар алып қайтты. 

Асылай АҚБЕРГЕНОВАмен Руслан АЙТБАЕВ биге жаңа келген жандар емес. Олар 2009 жылы республикалық «Сіздерге деген махаббатпен!» деп аталатын фестивальға жетелеген қостанайлық «Үміт-Надежда» ҮЕҰ-ның ең алғашқы шақыртуына үн қатыпты. Содан бері қарай өз серіктестерімен түрлі шараларда Атыраудың намысын қорғап келеді. Өткен жылы бірінші чемпионатта Асылай мен оның серігі Нұрлан ЖАЛҒАСБАЕВ еуропалық бағдарлама бойынша үздік деп танылды. Ал бұл жолы Руслан «Аэлита» ансамбліндегі өзінің жаңа серігі Іңкәр ҚАЙЫРЛИЕВАМЕН еуропалық және латын-американдық бағдарламалар бойынша «күміс» алқаға қол жеткізген. Асылай мен Нұрлан көрнекі шоу-бағдарламада үшінші орынды иеленді. Айтпақшы, биді тамашалаушылардың айтуынша, қостанайлық көрермендер біздің жұбымызды анағұрлым жылы қабылдаған екен.

Биыл біздің бишілерімізде әжептәуір өзгерістер орын алды. Біріншіден, енді оларды облыстық спорттық билер федерациясының жетекшісі Лидия МҰҚАНОВА жаттықтырады, екіншіден, олар алғаш рет сайыстарға демеушілердің қаржыларымен емес, облыстық спорт басқармасы бөлген ақшаларға барып келді. Бұл жағдайда бишілер үшін осы мәселе ақшада емес, облыстың спорттағы жетістік-теріне олардың қосқан үлестерін мойындауда жатыр.

– ҚР чемпионаттарына қатысу бүкіл облыс үшін, әсіресе, қоғамның толыққанды қатысушысы болғысы келетін мүгедектер үшін маңызды сәт. Қазір бізде бар болғаны 2 жұп бар. Бірақ олардан басқалар да үлгі алады деп үміттенемін. Біздің жеңісіміз туралы хабар өте тез таралып кетті. Сөйтсек, күзде Санкт-Петерборда өтетін Континенттер кубогына дайындалып жатыр екенбіз, - деп жымия әңгімелейді Л. Мұқанова.

Өз тарапымыздан облыстық туризм және спорт басқармасының өкілі Саян ІЗТЕЛЕУОВ алдағы уақытта атыраулық бишілер командасына көп көңіл бөлінетіндігін атап өтті. Атап айтқанда, Санкт-Петерборға бару сапарын ұйымдастыруға көмек көрсетілетін болады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

4 шілде 2012, 21:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.