Атырау, 22 қараша 03:55
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Көне Сарайшық тасқын судан қорғалды

Сурет
5 706 просмотра


6 шілдеде Атырау облысының Махамбет ауданында көне Сарайшық қалашығын Жайықтың тасқын суынан қорғайтын жағалау бөгетінің ашылу салтанаты өтті. Бұл жерде жұмыстар 2016 жылдың қазанынан бастап жүргізілді, бұған облыстық бюджеттің 1,6 млрд теңгесі жұмсалды. Бөгет ұзындығы - 1,5 км, биіктігі - 3,6 метр.

Жайық шайып жатқан бір кездердегі Алтын Орданың ең ірі қалаларының бірі бой көтерген жағалауды нығайту қажеттілігі туралы әңгімелер ондаған жылдар бойы жүргізіліп, енді орындалып жатыр.

- Бұл жұмыстың Астананың 20 жылдығына орай аяқталғаны маңызды, - деді Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек НӘУТИЕВ салтанатты жиында. - Болашақта бұл жерден ірі туристік орталық ашуды жоспарлап отырмыз.

Фархат ӘБІЛОВ

Өңірлік коммуникациялар қызметі ұсынған суреттер

7 шілде 2018, 01:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.