Атырау, 25 желтоқсан 07:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Бейбітшілік, еңбек, сабантой

7 808 просмотра

Атырауда, міне, отыз жыл қатарынан татар халқының ұлттық мерекесі - Сабантой тойланып келеді. Оны асыға күтетін қалалықтар әдеттегідей Дина Нұрпейісова атындағы мәдениет үйі маңындағы мерекенің дәстүрлі өткізілетін орнына отбасымен жиналды.

Сабантой – татар халқының ең сүйікті, атаулы еңбек мейрамдарының бірі. Бұл мерекеде олардың дәстүр-жоралғылары, әндері мен билері, ұлттық ойындары мен сайыстары ортаға салынады. Бұрын осылайша көктемгі егіс жұмыстарының басталуы аталып өтсе, бүгінгі күні егіс жұмыстарының аяқталу құрметіне сабантой өткізу дәстүрге айналды. Оның атауы да түркі сөздерінен басталады: сабан – соқа және той- мереке.

- Бұл мерекенің аталып келе жатқандығына мыңнан аса жыл болған болар. Уақыт өткен сайын ол қазіргі заманғы көріністермен толығып келеді, бірақ, салтанаттың негізгі маңызы сақталып қалды. Әсіресе, бұл тойға тек татарлардың ғана қатысып қоймайтындығы қуантады, - дейді «Татулық» татар-башқұрт ұлттық-мәдени орталығының жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА. Мереке «Татулық» ҰМО халық хорының өнер көрсетуімен басталды. Қыздар қонақтарға ұлттық дәмдерін ұсынса, жігіттер жағы түрлі сайыста өз бақтарын сынады. Оның бірі өте биік, еш кедергісіз бағанға өрмелеп шығып, оның басындағы сыйлықты алу болды. Ол сыйлықты бірінші болып Қайыржан БАЙШУРАЕВ алды. Оның тіпті, алақаны қанап дәрігердің көмегіне жүгінуге тура келді. Соған қарамастан ол өз ісіне өте риза болды.

- Мен бұл сайысқа үшінші жыл қатысып тұрмын, бірде-бір рет жүлдесіз қайтқаным жоқ, - деп күлімдейді жігіт. Және ол екі жыл қатарынан татарша күрестің жеңіміпазы болды.

- Бұл күрестің өте қызықты түрі болатын, ол Татарстанда Бүкіләлемдік универсиада бағдарламасына енгізілген. Біздің спорт түріне ұқсайды, дегенмен айырмашылықтары жоқ емес, - дейді грек-рим күресі бойынша жаттықтырушы Рашид МУСИН.

Балаларға арналған ойын-сауық түрлері де бар: қапты киіп және ағаш атқа мініп жүгіру, «Жұмыртқаны алып өт» деген жарыс, ағашқа отырып алған екі бала бірін-бірі құлатқанша көпшік лақтырып ойнайды. Лиана ПОДРЯДЧИНАНЫ хорда ән салатын әжесі бірінші рет Сабантойға ол тіпті кіп-кішкентай болғанда әкелген еді. Қазір оның жасы 10-да. Мерекеге бірнеше жыл қатарынан белсенді қатысып келеді: алдымен биледі, қазір ән салады.  

- Мен сабантойды өте жақсы көремін, қызық мереке, - деп әңгімелейді ол. – Бәрінен бұрын маған көпшікпен ұрып ойнайтын сайыс ұнайды, өйткені мен ол ойында ешқашан жеңіліп көрген емеспін!

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суреттерді түсірген  Қанат  ЕЛЕУОВ

20 маусым 2012, 22:15

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.