Өткен сенбі күні Махамбет атындағы облыстық драма театрының сахнасында өзінің жаңа концертін ұсынған БАЙКЕНОВТЕР балет студиясының бағдарламасы «Арабески танца» деп аталды.
Концерт жазғы каникулдың басталуына, негізгі идея саяхат тақырыбына арналды. Қойылымның бас кейіпкері – студия бишісі Сабина БАЙКЕНОВА ойыншықтар әлеміне тап болады, ал, олардың әрқайсысы оған және көрермендерге өз қызықтарын айтып беруге дайын. Би сиқырының арқасында залға жиналғандар түрлі елдер мен континенттерде болғандай болды, жұмбақ ел Қытайда болса, енді бір сәт шексіз қазақ даласында, одан әрі біздің көршілеріміз – ұйғырлар мен татарлардың өнеріне сүйсінді. Өзінің ғажайып скрипкасының көмегімен Бибіфатима ӘЗИЕВА Витторио МОНТИДІҢ «Чардаш» шығармасын керемет орындап, көрермендерді Венгриядан бір-ақ шығарғандай болды. Ал, кейін олар Вена вальсін орындаған бишілер өнеріне қол соқты.
- Концерт-спектаклге 4 жастан 23 жасқа дейінгі бишілер мен музыканттар қатысты. Олар Байкеновтер балет студиясының, Кіші өнер академиясының оқушылары, сондай-ақ, «Айгөлек» телевизиялық байқауының жеңімпазы, Құлсары қаласының «Бибі» ансамблінің және Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының «Фантазия» ансамбілінің бишілері. Олардың барлығы бізге керемет мереке сыйлай білді, - дейді студия жетекшісі Гүлсина БАЙКЕНОВА.
Зульфия ИСКАЛИЕВА,
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ