Атырау, 24 желтоқсан 23:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Жеті келін басқан киіз

2 590 просмотра

«Ақ желкен» мәдени-шығармашылық орталығының тарих қойнауындағы ұлттық мұраларды дамытуды мақсат еткен «Сарайшықтан - Астанаға» атты этно-мәдени экспедициясы бастапқы ұлттық құндылықтарға қол жеткізе бастады.

Ел ішінен тарихи көне дүниелер көптеп табылғанымен, сол кездегі шеберлердің ізбасарлары тым аз болып шықты. Айталық, қарапайым қамшы тоқушылар негізінен 70-90 жас аралығындағы қариялар көрінеді. Әсемдік бұйымдар жасайтын зергерлерді табу да инемен құдық қазғандай болуы мүмкін.

Тұскиіз басу дәстүрі Құрманғазы ауданында сақталғанымен, оған бүгінде сұраныс жоқ.

Дегенмен, экспедиция мүшелері Мақат, Құрманғазы, Жылыой, Исатай аудандарын аралай жүріп, біршама көне дүниелерді тапқан. Мәселен, ганюшкиндік бір қарияда өзі ұзатыларда оның әжесінің жеті келініне бастырған киізі сақталыпты. Экспедиция мүшелері осындай көне заттарды Астанадағы көрмеде халыққа ұсынуды, кейбіреуін сатылымға шығаруды да көздеп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 маусым 2012, 18:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.