Атырау, 24 қараша 13:22
 ашықВ Атырау 0
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Көлікпен тауға өрмелейді

1 954 просмотра

4 маусымда Атырауда ресейлік және қазақстандық кәсіпкерлікті қолдау аясында «Автожарыс. Таганрогқа жол» деп аталатын әлеуметтік жобаға арналған баспасөз конференциясы өтті.

- Автожарыстың басты мақсаты – кәсіпкерлікке қатысты  проблемаларға назар аударту, өндірістік және инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың озық тәжірибелерімен бөлісу, өзара қарым-қатынас шекарасын кеңейту болып табылады, - дейді ресейлік «Лемакс» ЖАҚ ТӨБ президенті Леонид МАТУСЕВИЧ. - Ресейлік және қазақстандық бизнесмендерде ортақ  бір проблема бар. 

«Лемакс» компаниясы тобының жолсызбен жүретін екі көлігі 1 маусымда жолға шығып, қазір мына бағыттар бойынша жүріп келеді: Дондағы Ростов – Волгоград – Астрахан – Атырау – Омбы – Новосибирск – Красноярск – Иркутск – Владивосток – Петропавловск-Камчатский. Кері қайтқан жолда автожарысқа қатысушылар Народный (Поляр маңындағы Орал) тауына көлікпен шығуды жоспарлап отыр. Экспедиция құрамында 8 адам. Маршруттың жалпы ұзындығы 25 мың шақырым. Автожарыс аяқталған соң, оны ұйымдастырушылар толықметражды деректі фильм түсіруді жоспарлап отыр.

Зульфия ИСКАЛИЕВА,

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

6 маусым 2012, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.