Атырау, 18 қыркүйек 23:03
Таңертең ашық+19, күндіз +20
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 371.86  € 433.33  P 5.46

Ластану себебін анықтайды

5 сәуір 16:01

Көрнекі сурет

Сәуірдің 1-не қараған түні Атыраудағы бірнеше ауданда, соның ішінде, Нұрсая мен Балауса ықшам аудандарында ауадан шірік жұмыртқаның иісі қатты шығып тұрды. Сәл кейінірек «Қазгидромет» 1-2 сәуірде №6 автоматтандырылған мониторинг станциясында ауаның 9 жоғары және 2 төтенше жоғары күкіртсутегімен ластану жағдайлары тіркелгені туралы мәліметті жариялады.

- Облыстық әкімдік бізге ластану себебін қысқа мерзімде анықтауды тапсырды. Ол үшін қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің, біздің департаменттің, сондай-ақ, Ұлттық сараптама орталығы филиалының қызметкерлерінен топ құрылды, - дейді Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Қайратқали ҚАЙРОЛЛА. – Бұдан басқа, 2 сәуірде сағат 12-де өткен жылдың аяғында Сасықсайдан «Атырау су арнасы» балансына алынған №14 кәріз желісі бойынан біздің аспаптарымыз күкіртсутек бойынша 21 есе ШРК асқандығын анықтады.

- Менің білуімше, сіздер сатып алған аспаптар әзірге аттестаттаудан өтіп жатыр ғой.

- Аттестациядан өткен аспаптар сотта дәлел ретінде ұсыну үшін қажет. Біз әзірге соттасып жатқан жоқпыз, тек ауаның ластануын анықтаймыз. 

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ 

Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

1208 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Ауа ластаудан көш бастап тұрмыз  473 рет қаралды

Желтоқсанда қандай ауа жұттық?  865 рет қаралды

Қазгидромет ШҚО-дағы дауылдың шығу себебін түсіндірді   816 рет қаралды

Америкалықтар Дубайдан жұмбақ ауру жұқтырып қайтты  267 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5