Атырау, 19 тамыз 16:25
Кешке ашық+23, түнде +19
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 360.87  € 410.27  P 5.40

Су тапшы, баға қымбат  

26 наурыз 11:01


Жыл сайын жаз мезгілі туысымен аудандарда ауыз суға тапшылығы орын алып жүр. Мінберлерден су мәселесі толық шешілді деп есептер берілгенімен, әлі де өзекті мәселелер жеткілікті.  

Исатай ауданы. «Бекасыл» жеке кәсіпорны Х.Ерғалиев, Нарын, Исатай ауылдарына қызмет көрсетсе, ал «ҚамысқалаСуАрнасы» ЖШС Аққыстау, Тұщықұдық, Томан, Өркен, Жанбай, Зинеден ауылдарын ауыз сумен қамтуды міндетіне алған. Су бағасы жоғары болғанымен бюджеттік субсидияның арқасында халықтың қалтасына ауырлық түспеуде.: 257 теңге 60 тиын тұратын 1 текшеметр суға 30 теңгеден төлеп отыр.

Мамырдың ортасынан бастап күзге дейін ауыз су тапшылығы орын алады. Су жетпей, амалсыз белгіленген уақытпен - таңертең, түсте және кеште екі сағаттан береміз. Су неге жазда жетпейді, себебі тұрғындар бақша өсіреді, жеміс ағаштарын суарады, басқа да қажеттіліктеріне көбірек жұмсайды,-дейді «ҚамысқалаСуАрнасы» ЖШС директоры Жұмақұл ЖАҢБЫРБАЕВ.  – Біз суды біз «Астрахан- Қиғаш-Маңғышлақ» магистралды құбыры арқылы «КазТрансОйл» мекемесінен аламыз. Жыл сайын 450 мың текше метр суға «КазТрансОйл» ЖШС-мен келісім шартқа отырамыз. Құбырдың әлі келмейді, сорғының күші жетпейді деп олар лимитке сай суды бере алмай жүр. Биыл да мамырдан бастап кесте бойынша беруге көшеміз.


Жұмақұл ЖАҢБЫРБАЕВ


-Сонда бұл мәселені шешудің жолы жоқ па?

- Ауданда жазғы техникалық су құбыры жоқ. Егер болса мұндай суды каналдардан алуға болар еді.

Жылыой ауданы. Құлсары қаласына «Жылыойсу» МҚК-і қызмет көрсетсе, Қосшағыл, Ақкиізтоғай, Майкөмген, Шоқпартоғай, Тұрғызба, Жаңа Қаратон ауылдарына ауыз суды жеткізуші - «Жылыойтазалық» ЖШС. Бұл екі мекеме де «КазТрансОйл» мекемесі беретін суға тәуелді. «Жылыойсу» мекемесінің «КазТрансОйлға» мекемесне 20 млн теңгеге жуық қарызы бар.

- Сол бережақты біз біртіндеп жауып келеміз. Тұрғындардың суға төлемақы төлеуі бұрынғыдан өзгерді. Айтарлықтай қарыздары жоқ. Мұны біз түсіндірме жұмыстарын жүргізу, басқа да шараларды ұйымдастыру арқасында қол жеткіздік,- дейді «Жылыойсу» МҚК директоры Ринат МҰРАТОВ.  - Күн суықта қала халқына тәулігіне 5 мың текше метр жеткілікті. Ал жазда 11 мың текше метр керек. Бірақ бұл су мөлшерін «КазТрансОйл» мекемесі бере алмай отыр.

Ал аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Ернар ЫСМАҒҰЛОВ «КазТрансОйл» мекемесіне хат жазғанымен еш нәтиже шығара алмай жүргенін жеткізді.

Индер ауданында су тарифы әр ауылда әртүрлі бекітілген. Есболда бір текше метр су- 93,8, ал Өрлік, Көктоғай, Елтай, Бөдене ауылдарында 241-308 теңге аралығында. Себебі алдыңғы екі ауылға субсидия бөлінген де, қалған ауылдарда мұндай жеңілдік жоқ. Аудандық ТКШ бөлімінің басшысы Абзал РАМАЗАНОВ:

- Біз қажетті құжаттарды жасақтап бердік. Енді қаржы қашан бөлінетінін білмеймін.

-Аққала, Ынтымақ, Құрылыс ауылдарына ауыз су берілгенімен неге тариф бекітілмеген? Неге? Абонент есептесу кезінде қиындыққа тап болмай ма?

- Бұл ауылдарды «Индерсу» МҚК сумен қамтып келеді. Өткен жыл күзден бері су берілгенімен тұрғындар тариф бекітілмегендіктен ештеңе төлеп отырған жоқ. Қанша су тұтынып отырғаны есептегіш арқылы белгілі. Тариф бекітілгеннен кейін есептегіш көрсетіліміне байланысты төлемақы төлейді. Ал тариф сәуір айында бекітіледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген автор


Нашли ошибку? Выделите её мышью и нажмите Ctrl + Enter.
 

897 рет қаралдыБасты бет Поделиться:

Подпишитесь и узнавайте о новостях первыми


Тақырып бойынша жаңалықтар

Тасқын су сан соқтырмасын  1940 рет қаралды

Күтуден басқа шара жоқ  1498 рет қаралды

Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ: «Мен азық-түлік мәселесін шештім»  2888 рет қаралды

Аудан қысқа дайын ба?  2697 рет қаралды

Басты бет

1 2 3 4 5 6