Атырау, 24 желтоқсан 08:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Бекжанның жұлдызы жанды

4 023 просмотра

№22 орта мектептің 7 сынып оқушысы Бекжан ҚАПАНОВ (суретте) республикалық «Айгөлек» байқауының жеңімпазы атанды.

Телевизиялық жоба «Қазақстан» ұлттық арнасында өткен жылы бастау алған еді, талантты кішкентай әншілер мен бишілердің өнерін құрамында опера әншісі Нұржамал ҮСЕНБАЕВА және ҚР еңбек сіңірген әртісі Майра ІЛИЯСОВА бар әділқазылар бағалаған болатын. Дауыс беруге сондай-ақ, телекөрермендер де қатысты.

Бұл жобаға барлығы 35 мың өтініш түсті, таңдау кезеңіне дейін барлығы 35 адам қалды, ал одан финалға жеткен 10 қатысушы ғана.

Финалда байқауға қатысушы өнерпаз әнді «жұлдызбен» дуэт болып айтуға тиісті болды:

- Маған таңдауға  «МелоМэн» тобын және  Нұрлан АЛБАНДЫ ұсынды, мен Нұрланды таңдадым, – дейді Бекжан. – Біз халықтың әзіл әні «Қарғаш-айды» орындадық. Бұған дейін бұл ән тек домбырамен ғана орындалып жүрді, ал, біз үшін бұл әнді заманауи  сазбен әрлеп берді. Біз өз қойылымымызды шоу ретінде дайындадық. Мұнымыз әділқазыларға өте ұнады.

Бекжан музыка мектебіне барады және облыстық филармониядағы «Дарын» ер балалар хорында ән салады. Біздің жеңімпазымыз жүлде ретінде Алматыда өтетін «Сағындырған әндер-ай» ретро-фестиваліне жолдама алды. Ол онда эстрада жұлдыздарымен бірге ән салады.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

23 мамыр 2012, 23:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.