Атырау, 24 желтоқсан 07:38
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

«Асфальттағы адыраспан»

4 840 просмотра

17 мамыр күні «Ақ желкен» шығармашылық орталығында ашылған қала пейзажының көрмесі «Асфальттағы адыраспан» деп аталды.

Қалалықтардың жүрегіне жылы ұшырайтын орталық көпір, «Еуропа-Азия» деген жазуы бар күрке (беседка), өзен жағалауы,  Исатай және Махамбет алаңы – осының бәрі Атыраудан, Алматы, Ақтөбе және Оралдан келген суретшілердің қылқаламының тақырыбына айналды. Сондай-ақ, оларға кенептегі ескі қаланың көрінісі де ұсынылды.

- Адыраспан қазақтардың түсінігінде пәле-жәледен сақтайтын, жаман пиғылдан аластайтын қасиетті шөп болып саналады. Ал, асфальтты жарып өскен шөп біздің дәстүріміз бен тарихымызды және мәдениетіміздің сақталғандығын  білдіреді. Жаһандану барысында ұлттық  дәстүрлеріміз жоғалмай, осы асфальтты жарып шыққан адыраспан секілді сақталып қалатындығына сенгіміз келеді, - дейді «Ақ желкен» директоры Нұрберген ДӘУЛЕТОВ.

Көрмеге облыстық өнер мұражайының 20 жылдығына арналған пленэрге келген суретшілердің де жұмыстары да қойылды. Оларды өз шығармаларына арқау болатындай біздің облысымыздың ең әдемі деген  жерлеріне апарды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2012, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.