Атырау, 24 қараша 12:43
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Баланы жастан...

2 145 просмотра

Прокуратура облыстық наркологиялық диспансер қызметінен бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.

Мәселен, бүгінде алкоголь, уытты немесе есірткілік заттарды қолданатын кәмелетке толмаған 50-ден астам жасөспірім диспансер есебінде тұр. Алайда оларға наркологиялық көмек ата-аналардың жазбаша келісімінсіз көрсетілген боп шықты. Тағы бір басты талап - балаларға арналған наркологиялық бөлімше жеке ғимаратта немесе жеке орын-жайда орналасуы тиіс. Диспансерде кәмелетке толмағандарға арналған 5 кереуеттік жеке палата бар болғанымен ол бөлек ғимаратта орналаспаған.

Кезінде  жолақ тестілер арқылы есірткі мен ішімдік пайдаланатын жасөспірімдерді анықтау бағдарламасы қоғамдық резонанс тудырған болатын. Тестілеудің өз қолдаушылары мен қарсыластары болды. Бағдарламаның бүгінгі таңда да қолданылатыны, бірақ шектеулі екені анықталды.

- Қалай десек те, тестілеу алкоголь мен есірткі заттарын тұтынуға бейім тұлғаларды ерте анықтаудың тиімді әдісі боп табылады, - дейді облыс прокурорының аға көмекшісі Шолпан ЖАНГЕРЕЕВА. – Алайда өткен оқу жылында 30 білім беру мекемесіне тексеру жүргізілді. Ал қалада 90-нан астам мекеме бар. Биылғы оқу жылында 21 мектеп қамтылды.

Бұған бағдарламаның жеткіліксіз қаржыландырылуы себеп болып отыр. Оқу орындары өздерінің беделдеріне нұқсан келтіреді деп есептеп, жас маскүнемдер мен нашақорларды анықтауға аса көп мүдделі емес-тұғын. Ал соңғы кездері бұл идеяға мүлдем салқын қарайтын болған. Мектептердің көпшілігінде бұл жұмыстар формальды түрде жүргізіледі.

ҚІІБ-нің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің жұмыстарынан да кемшіліктер табылды. Егер наркологиялық диспансер есебінде 51 жасөспірім тұрса, бұл бөлімнің тізімінде бар болғаны 16 бала тіркелген. Бұл тізімнен баланың тыйым заттың қандай түріне әуестенгені түсініксіз. Әрі ешкім де олармен алдын алу шараларын жүргізбеген.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

23 мамыр 2012, 18:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.