Атырау, 24 желтоқсан 23:57
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Ардагерге арналған үй

13 154 просмотра

Конституция күні қарсаңында әкеме соғыс ардагері ретінде Махамбет ауданы орталығынан жаңа баспана берген болатын. Алайда, баспананың кілтін қолымызға алғанымызбен әлі күнге құжатын рәсімдей алмай келеміз. Төрт айдан асты. Енді қанша күтуіміз керек? 
Талғат, Махамбет ауданының тұрғыны

Сұраққа Махамбет ауданы әкімінің орынбасары Ұлықбек ТНАЛИЕВ жауап берді: 

- Бұл 60 пәтерлік үй ауданымызда бірінші рет облыстық құрылыс басқармасының тапсырысы негізінде демеушілікпен салынған болатын. Облыс әкімінің қаулысы арқылы ауданның балансына берілгеннен кейін ауданда комиссия құрылып, тұрғын-үй кезегінде тұрған мұқтаж жандарға, жетімдерге, әлеуметтік осал топтар мен бюджет саласында жұмыс жасайтындарға кезек бойынша ипотекалық негізде берілді. Ал соғыс ардагеріне тегін. Құжаттардың ұзақ уақытқа кідіруінің себебі ипотекалық үйдің бір пәтерін жекеменшікке айналдыру үшін оған облыстан бөлек қаулы шығып, бөлек құжаттар дайындалады. Қазіргі таңда құжаттар қаңтар айының соңына дейін рәсімделіп бітеді деп отырмыз.

11 қаңтар 2018, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.