Атырау, 24 желтоқсан 00:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Каспий өңірінің соңғы романтигі

1 869 просмотра

77 жасқа қараған шағында «Прикаспийская коммуна» газетінің бұрынғы редакторы Федор Николаевич ПЕРОВ дүниеден өтті. Бізге ол облыстық газеттің жауапты хатшысы боп тұрған кезде, 80-жылдардың ортасынан 90-жылдардың басына дейін бірге жұмыс істеудің сәті түскен еді. Бүкіл материалдар штаб бастығы секілді Федор Николаевичке келіп түсетін. Ол таң атқаннан күн батқанға дейін бәрін оқып шығып, түзетіп, келесі нөмірдің макеттерін сызатын. Сол кезде 50 жастағы алып тұлғалы жауапты хатшы Перов ащы тілімен, кейде нәзік жанды әріптестерін жыларман етіп (ер адамдарға оңай, бір жұтымнан соң бәрі ұмытылады деп әзілдейтінбіз), лездемеде сәтсіз шыққан мақаланың быт-шытын шығарып, ал келесіде бір ғана әдеби ұтқырлығы үшін сол авторды көкке көтеріп, өзі де бала секілді қуанатын. Ол сұсты көрінетін, турашыл жан болғанымен, қаламы қалыптаспаған журналистерге аса ықыласпен қарайтын.

Кейінірек біз Федор Николаевичтің көршілес аймақтарда да түрлі лауазымдарда еңбек жолынан өткенін білдік. Өте бай, өзіндік тілі бар және көркем стильді романтик-журналистке қатаң партия шеңбері тарлық ететіндей еді.

Каспий өңірінің табиғаты мен балықшылар туралы жазған (балықшы отбасынан шыққан әрі флотта әскери борышын өтеген жанның теңізді сүйетіні сөзсіз) очерктері мен әңгімелері танымал әдеби журналдарға басылды. Оның үстіне ол кәрі Жайықтың бойындағы ескі қала туралы әндер, лирикалық өлеңдер шығаратын, гитарада ойнайтын.

Бақи дүниеге аттанар алдында бірер апта бұрын осынау адал, жаны таза әріптесіміз бақұлдасу үшін бізді өзіне шақырған болатын. Кереуетінің жанында қалың дәптерлер мен аяқталмаған парақтар жатты. «Көктем де келіп қалыпты, жігіттер, менің де уақытым келді» деген еді сол кезде. Қош болыңыз, Федор Николаевич, жаныңыз жаннатта болсын.

Сабыр Қайырханов

Әбділда Мұқашев 

Михаил Паличев

2 мамыр 2012, 22:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.