Атырау, 29 наурыз 14:26
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Бір дерегің болар ма екен, есіл ер...

2 058 просмотра

Майданда хабар-ошарсыз кеткен жүздеген аталарымыздың тағдыры 70 жыл өткеннен кейін айқын болды. Енді олардың туған жердегі туыстарын табу ғана қалып тұр. 

Харьков облысының Большая бабка селосынан өз атасының бейітін тауып алған жерлесіміз Әділғали БАЙМЫРЗА (суретте) басқа қазақ жауынгерлері (украиндық іздеушілер Қазақ КСР-нен шақырылған жауынгерлердің барлығын осылай атайды) туралы мәліметтерге қанық болыпты. Біз бұдан бұрын Харьков түбінен табылған ауқымды бауырластар зираты туралы жазған болатынбыз (19.04.12 жылғы «АЖ» №16 санын қараңыз – «Ол Харьков түбінде қаза болды»).

Әділғалиға атасын табуға көмектескен іздеушілер оған 81-атқыштар дивизиясындағы жауынгерлердің жаңа қорымы табылғандығы туралы мәліметтерді жіберіпті (сол жерге жерленген гурьевтіктердің тізімін біз осы мақалада жариялаған едік).

Өткен жылы іздеушілер сол Старосалтовский бағытында орналасқан Перковка мен Хотомля селоларында (Харьковтан 50-70 км қашықтықта) қаза болғандардың тізімін жасау жұмыстарын аяқтапты. Бұлардың арасында Гурьев пен Орал облыстарынан әскер қатарына шақырылған бірнеше жүздеген жауынгерлер де бар. Олардың туыстары аталарының тағдырларын білмек боп ұзақ уақыт іздегенімен, ештеңе шығара алмаған болатын. Енді олар табылды, тек славяндықтарға үйреншікті естілмейтін аты-жөндерінің дұрыс жазылуын нақтылау керек. Өйткені кейбірінің аты-жөндері адам танымастай бұрмаланған. Сондықтан да, Перковкадағы мемориалдық тақтаға ойып жазылған тізімдерге сол жерде жерленген қазақстандықтар енгізілмеген, дейді украиндықтар.

– Перковкада ескерткіш бар, ол ана бір жылдары ауылдық кеңес бөлген қаржы мен жәрдем ақшалардың көмегімен орнатылды, - деп жазады Харьковтағы қазақ жерлестігінің жетекшісі Макка ҚАРАЖАНОВА. – Қазақстандық жауынгерлердің есімдері енгізілмеген, осыған дейін күтіп келіпті, бірақ әрі қарай  соза беруге болмайтын болды. 100 пайызға сенімді дегендердің есімдерін ғана енгізді. Нәтижесінде бауырластар зиратында табылғандардың көпшілігі бұрынғыша www.obd-memorial.ru сайтында хабар-ошарсыз кеткендер тізімінде қалып тұр. Сіздердің әскери комиссариаттарыңызға жаздық та, тіпті, (Атыраудағы еріктіміз Роман) барды да, Қазақстанның қорғаныс министрлігі және Украина мен Ресейдегі Қазақстан елшілігіне де хабарластық – мүлгіген тыныштық. Сіздердегі әскери комиссариаттан нақтыланған тізімді күттік, тізім келген жоқ. Ал қате күйінде енгізуге тәуекел етпедік. Егер тізім нақтыланып, ақша жиналса, жергілікті халық бәрін өздері істейді.

Қорымның көлемі өте үлкен, тіпті украиндық іздеушілер бар күштерін салса да,  мәліметтерді ретке келтіріп, қате жібермеудің өзі өте қиын. Жолданған мемориал суретін қарап шыққан Әділғали «біздің» тізімдегі бес фамилияны тауып алған. Рас, олар бұрмаланған екен. Бәлкім, сондықтан да тақтаға ойып жазылған шығар. Мәселен, «Мурзан» деп жазылған Мурзин деген фамилия өзінің азиаттық тегін жоғалтқан. Бірақ Мурзан деген фамилиясы қазаққа тән болмаса да қазақ Құрмашты оны қай туыстарының және қайдан танығаны түсініксіз. Мемориалдық тақтаға енгізілген басқа фамилиялар да әжептәуір өзгерістерге ұшыраған. Мұның бәрі тізімдерді нақтылап, қаза болғандарды анықтау жұмыстары аса қажет екендігін  көрсетіп отыр.

Украиндықтар азды-көпті ретке келтірген тізімдерді күтпеген жерден еріктіге айналған Әділғали оқылатын жағдайға жеткізді. Осы жұмыс үшін айыру сезімі мен ерекше дағдылар қажет екен: мен бастапқы нұсқаны көрген едім. Кушин Басковтың Көшім БАРАҚОВ екені ойыма да келмеген болар еді, ал УАЛИН Кене түзетілгенге дейін Валин Нене болған.

Көптеген фамилиялар, есімдер мен мекен-жайлар түсініксіз және бұрмаланған еді. Ең болмағанда біздің құлағымызға үйреншікті болатындай өзімше түзеген болдым. Соңғы түзетуді, әрине, тек туысқандары ғана енгізе алады. Барлық мәліметтер 17.06.1942 жылғы «10.05-20.05.1942 жылғы қайтарымсыз шығындар туралы»  №0606 хабарламадан алынды. Хабарламаның электронды нұсқасын www.obd-mеmorial.ru сайтынан қарауға болады.

Сонау құрбандық көп болған зұлмат соғыстан бері 70 жыл өтті. Әкелерімізден, аталарымыз бен бабаларымыздан белгісіздік ауыртпалығын алып тастап, оларға лайықты құрмет көрсететін кез келді. 

Қаһармандардың беймәлім қазасынан ауыр не бар? Бұл жақсылықты білмеу.

Даңқты бабаларымыздың балалары, немерелері, шөберелері, үн қосыңыздар!

Макка Қаражанова:

- 81-дивизиясының тарихына  үңілген сайын, олардың бір-біріне қаншалықты жанашыр болғандарын түсінемін. Қазақтардың (қазақстандықтардың) қандай жағдай болса да, өз адамдарын ұрыс даласына ешқашан тастап кетпейтіндігі анық белгілі.

1942 жылы сәуір, мамыр айларында Харьков  облысының Хотомля, Перковка селоларында жерленген 227- және 81– атқыштар дивизиясының қазақ жауынгерлері.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

2 мамыр 2012, 18:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.