Атырау, 24 қараша 10:07
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

ТШО мұнай өндіру көлемін ұлғайтуы қажет

1 922 просмотра

АСТАНА, 26 сәу – Қазақстан жаңалықтары АА. "Теңізшевройл"  мұнай өндіру көлемін ұлғайтуы қажет  деп есептейді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Бейсенбіде  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Шеврон» компаниясының басшылығын қабылдады.

Қазақстан Президенті еліміз үшін өте қиын жылдары Қазақстанға келген «Шеврон» компаниясымен табысты ынтымақтастық орнағанын атап өтті.

«Мен біздің жұмысымыздың көрсеткіштерімен танысып шықтым, біздің тарапымыздан ешқандай ескертулер жоқ. Мұнай өндіру 20 миллион тоннаға дейін ұлғайды. Бұл Қазақстанның қолда бар әрі ұтымды автиві. Біз өндіру көлемін одан әрі ұлғайту ниетінде болуымыз керек. Сонымен қатар, компания қазақстандық мазмұнмен айналысуда, жұмысшылардың 80 пайызы Қазақстан азаматтары. Сіздердің тапсырыстарыңыздың арқасында отандық кәсіпорындарда жаңа жұмыс орындары ашылуда. Қазіргі уақытта Қазақстанда маңызы үлкен индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы іске асырылуда. Біз үш ірі мұнай нысаны – Теңіз, Қашаған және Қарашығанақ кәсіпорындар құру, өз кен орындарында қызмет көрсету үшін осы бағдарламаға белсенді қатысуы тиіс деп есептейміз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Шеврон» корпорациясының Директорлар Кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Д.Уотсон Мемлекет басшысын компанияның Қазақстандағы қызметінің қорытындылары туралы хабардар етті.

Дереккөз: Қазақстан жаңалықтары АА.

26 сәуір 2012, 17:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.