Атырау, 23 желтоқсан 21:48
 бұлттыВ Атырау -3
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Айтыс және цензура

4 685 просмотра

14 сәуірде Н. Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Теңізшевройл» компаниясы және Қазақстан Жазушылар одағының ұйымдастыруымен «Қазақ мұнайы – халық шырайы» тақырыбында аламан айтыс өтті. Сайысқа облыстың 16 жас ақыны қатысты.

Бейресми дерек көздерінің  айтуынша, ақындарға Жаңаөзен тақырыбын қозғамау туралы «өтініш түсіпті» .

Айтыс екі айналымда өтті. Ақындарға айтысуға 20-25 минут уақыт берілді. Айтыс жүргізушісі Қойшығұл ЖЫЛҚЫШИЕВ сайыскерлерге тақырып аясынан ауытқымауды әлсін-әлсін ескертіп отырды. Сырымбек СӘРСЕМБАЕВ, Шалқарбай ІЗБАСАРОВ және Өнербек ДӘУЛЕКЕНОВ сынды айтыскер ақындар шабыттанып кетті ме, әйтеуір, өздеріне берілген уақытты біраз асырыңқырап жіберді.

Айтыс соңында өзін мұнайшының қызымын деп таныстырған бір көрермен бізбен сайыстан алған әсерін бөлісті. Ол сахнада «мұнай» сөзі жиі естілгенімен, осы жер байлығын игерген мұнайшылардың жыр арқауынан тысқары қалғанына қынжылыс білдірді.  

Қазылар алқасының шешімімен Айзада ДӘУЛЕКЕНОВА бас жүлде иегері (300 мың теңге) атанды.  Ал 1-орынды (200 мың теңге) Жәнібек САДЫРОВ иеленді. 2-орынды (150 мың теңге) Серікбол ПАНАБЕРДИЕВ пен Нұрбейбіт НҰҒМАНОВ бөлісті. 3-орынға (100 мың теңге) – Ерболат ҚАРАҚОЙШИЕВ, Серік ҚОЙШЫҒҰЛОВ және Әділбек ҚАЙЫРОВ лайықты деп танылды.

Айнұр САПАРОВА

25 сәуір 2012, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.