AZATTYQ.ORG. "Атамбаев "кешірім сұрамайтынын" мәлімдеді" - Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2017 жылы қарашаның 15-і күні «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында тұрақты даму жөніндегі Ұлттық кеңес отырысында қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал жөнінде сөйлеп, ешкімнен кешірім сұрамайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.
"Орамал таққан қыздар "жақсы оқиды", бірақ оларды мектепке кіргізбейді" - Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылында төрт оқушы қыздың сабаққа бармай жүргеніне бір ай болған, өйткені орамалын шешпегені үшін оларды мектеп ғимаратына кіргізбейді. Жергілікті биліктің айтуынша, оқу жылының басында орамал тағып жүрген 16 қыз әкімшіліктің талабына бағынып орамалын шешкен әрі одан «жайсыздық» көрмейді. Ал облыс орталығы - Орал қаласында орамал дауы сотқа дейін жетті.
ZHASALASH.KZ. "Алашордалықтар - тәуелсіздік үшін күрестің этолоны және үлгісі" - Алашордалықтар өткен ғасырдың басында Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қайта өрлеу дәуірін жасады.
"Бес жылға дейін жер жалға берілмейді, сатылмайды!" - Жер кодексіне енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды қамтыған заң жобасы алдағы аптада парламенттің қарауына түседі.
QAZAQTIMES.COM. "Орталық Азия саяси өміріндегі Ислам дінінің рөлі қандай?" - Кеңестер Одағы құлап, Орталық Азия елдері тәуелсіздік алған 26 жылда Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қазақстанда, жалпы Орталық Азияда ислам діні мен адамның діни сенім-нанымына деген билік көзқарасы қалай өзгерді?
ABAI.KZ. "Кремльдің кәрісүйек провокаторы қазаққа тағы кәрін төкті" - Бүгін Кремльдің кезекті пропогандасы жайлы сөз қозғаймыз. Бұл жолы да бәле шақырып бажайлаған Эдуард Лимонов. Қазақтың жеріне шүйліккен Лимоновты сөйлеткен орыс телеэфирі.
"Марат Тәжин - билік пен оппозиция арасында саяси бітімгер" - Президент әкімшілігі – жоғары мемлекеттік саяси аппарат. Ішкі саясаттан бастап, құпия-қауіпсіздік, мәдени-рухани һәм әлеуметтік-экономикалық бағыт т.с.с. стратегиялық ойлар талқыланып, шешімдері шығарылатын саяси ұстахана. Бейнелеп айтқанда, осылай. Мысалы, Елбасымыздың мемлекеттік, стратегиялық жоспарларының негізгі картасы да сонда сызылып, дайындалатыны жасырын емес.
INFORMBURO.KZ. "Қазақ коллекционерлері не жинайды? Нумизмат болғыңыз келсе..." - Бүгінде шетелдегідей құнды жәдігер не тарихи өнер туындылары жинау үрдіске айналды. Коллекционердің жеке қорында сақталған әрбір жәдігер тарихтан сыр шертеді.
QAMSHY.KZ. "Ұлттық валюта күні. $89,3 млрд. ұлттық қор һәм $167,9 млрд. сыртқы қарыз" - Бүгін, 15 қараша — Қазақстан ұлттық валютасының күні. 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. 1992 жылы теңге дизайнындағы портреттер бекітілді. Теңге Ұлыбританиядадағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын ағылшын компанияларының бірінде басылып шықты. 1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.
EGEMEN.KZ. "Заң лингвистикасы және терминдер" - Соңғы деректерге сүйенсек, ширек ғасыр ішінде республикалық терминология комиссиясы 16000-ға жуық терминді мақұлдаған екен. Мұның 6024-і қазақ тіліндегі атаулар (37,8 пайыз) болса, 1987-сі – халықаралық қолданыстағы терминдер (12,8 пайыз), ал 7952-сі – қазақша және шеттілдік тіркестер (49,9 пайыз). (Ғ.Мелдешов, Тіл комитеті төрағасының орынбасары, «Егемен Қазақстан», 11 сәуір, 2017 ж.) Демек жылына орта есеппен 665 термин ұлттық тіліміздің лингвистикалық қорына жаңа сапамен қосылып отырған.
DALANEWS.KZ. "Назарбаевқа ренжімеңіздер" - Таяуда «Central Asia Monitor» газеті журналисі Сәуле Исабаева мен журналист Арман Құдабаевтың «Казахский национализм: на смену «романтикам» приходят «бунтари»?» деген сұхбаты түрлі ойға жетеледі. Кез келген адам материалмен танысқанда сұхбат алушы мен сұхбат берушінің де қазақ тілін білмейтін, типичный «қала қазақтарына» ұқсатар еді. Әу баста бұл сұхбатты орыстілді журналист алған шығар деген оймен, тұтас газеттің бетін алып жатқан материалдың соңына көз жүгірткенімде сұхбат алушы журналистің есім-сойы – Сәуле Исабаева екенін көрген соң, қала қазақтарының қазақ ұлтшылдығын қалай тәспірлейтіні мені қызықтыра түсті.