Атырау, 22 қараша 04:13
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Біз де жусан иісін сағындық

Сурет Бейнежазба
6 063 просмотра


21 қыркүйек күні М. Әуезов атындағы қазақ академиялық драма театрының Атыраудағы гастрольдік сапары аяқталды. 7 қыркүйек күні Қазақстанның және КСРО халық әртісі Асанәлі ӘШІМОВТЫҢ 80 жылдық мерейтойымен ашылған театр гастролінің шымылдығы кеше «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасымен жабылды.


Қойылым бала Бейбарыстың құлдыққа сатылып, сонау Мысыр асып бара жатқанымен басталады. Жат жерде есейіп, ер жетіп, мәмлүктердің қайтпас қолбасшысы болған кезін, кейін елді билеп, сұлтан болған кезін көрсетеді. Қойылым өте әсерлі, музыкамен, бимен әдемі жеткізілген. Бүкіл қойылым бойы туған елін, жерін, аңқыған жусанының иісін аңсаған Бейбарыстың сағынышы – спектакльдің негізгі ойы.

Айтпақшы, сол жусанның иісін қазір ауадағы жағымсыз иіске тұншыққан атыраулықтар да аңсайды...

Шымылдық жабылып, жарық қосылғанда көрермен өнер иелерін ұзақ уақыт қошеметке бөледі.

Соңында сахнаға шығып сөз сөйлеген театр директоры Ерлан БІЛӘЛОВ Атырау жұртшылығына ризашылығын білдіріп, тағы да көріскенше асығатындарын жеткізді.


Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

Фото мен видеоны түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

22 қыркүйек 2017, 18:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.