AZATTYQ.ORG. "Баланы мектепке дайындау құны артқан" - Шымкентте баланы мектепке дайындау шығыны көбейгені байқалады. Орташа саналатын отбасылар жаз бойғы жинағаны оқушының керек-жарағына жетпей қиналып қалатынын айтады. Билік өкілдері әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы балаларға көмек қарастырылған дейді.
"Саяси одақтардың бұлыңғыр болашағы" - Қырғызстанда ертеректе біріккен "Онугуу-Прогресс", "Бүтүн Кыргызстан" және "Ата-Журт" партияларының жетекшілері жаңа партия құратындарын мәлімдеді. " Онугуу-Прогресс" жетекшісі Бакыт Торобаевтың хабарлауынша, жаңа партияға "Кайра жаралуу" ("Қайта өрлеу") атауы таңдалған, жуырда жаңа ұйымнан Қырғызстан президенттігіне ортақ кандидат ұсынылады.
INFORMBURO.KZ. "Almaty Tech Garden Қазақстанның "Силиконды алқабына" айнала ала ма?" - Әлемдегі ең озық IT компания активтерінің 40 пайызы АҚШ-тың Калифорния штатындағы "Силиконды алқапқа" тиесілі. Ал Қазақстанның IT секторы қандай?
ABAI.KZ. "Мяньми қырғыны..." - Оңтүстік Шығыс Азия аумағындағы Үндіқытай түбегінде орналасқан Мяньми Одағында жантүршігерлік сұмдық оқиға болды. Халықаралық ақпарат көздерінің дерегіне сүйенсек, Мяньмиде 400 мұсылман аяусыз қырғынға ұшыраған. Ресми Нейпидо (Мяньми Одағының астанасы) таратқан хабарға қарасақ, рохинжа-мұсылмандары полицейлерге қатарынан бірнеше мәрте шабуыл жасаған көрінеді. Қарулы қақтығыс тілеп қағынған жайт 25 тамыздан бері көрініс тауып жатса керек. Мяньми әскері «рохинжа-жасақтары» 90 рет бүлік шығарды деп отыр. Сол істің ақыры әлгіндей болған. Рохинжа-мұсылмандары қазір Бангладешке бас сауғалап босу үстінде. Өйткені жергілікті полиция мұсылмандардың ізіне түсіп, қысымға алуда. Қытайдың Синьхуа агенттігі Нәф өзенінен өтерде 40 адам суға кетті деп жазды.
"Кәсіподақ жоқ, жоқ. Әбілғазы жоқ, жоқ..." - Естеріңізге түсіріңіздерші, 2011 жылы Маңғыстаудағы мұнайшы жұрт жеті айға жуық аштық жариялап, алаңға жиналғанда, арты көтеріліске ұласып, ондаған адам қаза болғанда дау тұрмыстық сипаттағы жанжалдан басталып па еді? Жоқ. Қытай мен қазақ жұмысшыларының жалақысы аспан мен жердей болғаны үшін, есіл еңбектің езіліп, табас астында аяққа тапталғаны үшін ашынды жұрт. Дауды тоқтатуға Қарулы күштер жұмылдырылды. Генерал-майор Қасымовтың бұйрығымен оқ атылды. Өтірік пе?
SPUTNIKNEWS.KZ. "Қорықпайтын адамдар елі" - Астанадағы "Абу-Даби Плаза" маңында орын алған оқиға барысынан хабар берген Sputnik Казахстан корреспонденті бірқатар жайтқа таң қалғанын айтты.
QAZAQTIMES.COM. "Мұсылман геноциді: АҚШ пен Сауд Арабиясы неге үнсіз қалды?" - Жақыннан бері әлеуметтік желілерде Мьянмадағы мұсылмандардың қырғыншылыққа ұшырағаны туралы көптеп таралды. Миллиондаған адамдардың тағдыры тәлкекке түскен, неше он мыңдаған адамдар мекендерінен босып кеткен, сан-санақсыз әйелдер мен балалар аяусыз қорлау мен қырғындауға ұшыраған осы оқиға алдында әлемнің біраз елі үнсіз қарап отырды. Дін аралық қақтығыс пен аз санды ұлттарға көрсеткен қысым алдында «демократия бұлбұлдары» да «сайрамай» қалды. Бұл бүлікті тыныштандыру ма, әлде геноцид қырғын ба? Мьянмадағы қанды қырғын қалай туды? Ондағы мұсылмандардың қырғыншылығына әлем елдері қалай қарады? Төменде біз осы сұрақтарға байланысты шолу жасаймыз.
TURKYSTAN.KZ. "Қарт Каспийдің 75 жылдық ғұмыры қалды ма?.." - Бүгінгі таңда болып жатқан жаһандық жылыну үдерісі жағдайында Каспий теңізінің Ресей мен Қазақстанға тиесілі солтүстік бөлігі 75 жылдан соң тартылып кетеді. Ресей, АҚШ, Франция ғалымдары осындай байламға келді. Аталмыш зерттеу Geophysical Research Letters басылымында жарияланды.
DALANEWS.KZ. "«Халық көрсін, білсін!». «Болашақтың» үміткерлері онлайн-режимде қазақ тілінен сынақ тапсырсын!" - «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ тағы да кезекті дауға ілікті. Өткенде орталық президенті Жанболат Мелдешов әлдеберулерді «малға» теңеп басы дауға қалып еді. Енді жоғары шенді екі ханым «Болашақ» бағдарламасы бойынша мемлекет есебінен шетеге барып білім алатын грант иелерінің қатарынан орын алып, орталық басшынысының халық алдында түсініктеме беруіне мәжбүрледі. Дәлірек айтсақ, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова шетелге барып, мемлекет есебінен білімін жетілдіру мүмкіндігіне ие болыпты.