Атырау, 25 желтоқсан 13:03
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

"Серікболсын Әбділдин: Біздің конституция президентке қызмет ететін конституция", "Ел болам десең, есігіңді түзе!", "Құрбан айт пен қажылық: көне таным мен жаңа бизнес", "Қазіргі судьялардың тең жартысын қызметінен алу керек"

2 682 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Мұғалімдер «заңсыздықты айтып қуғын көрдік» деседі" - Оңтүстік Қазақстандағы бірнеше ұстаз заңсыздықпен күрескендерінен зиян шеккендерін айтады. Облыстық білім басқармасы дерегінше, өңірдегі мектептерден жылына осындай мыңдаған арыз-шағым түседі.

"Мирзияевтің үміт оятқан сапары" - Келесі аптада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қырғызстанға барады деп жоспарланған. Бұл жайлы тамыздың 28-і күні Ош облысы Үзген ауданының стихиялық апаттан зардап шеккен тұрғындарымен кездесуі кезінде Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев хабарлады.

ZHASALASH.KZ. "Төртеу түгел болды..." - Премьер-министр Бақытжан Сағынтаевтың «құбыласы» түгенделіп, орынбасарларының саны төртке жетті. Тамыздың 29-ы күні вице-премьерлікке тағайындалған Ерболат Досаевтың 2006 жылы Шымкентте 220 сәбиге ВИЧ инфекциясы жұғуынан денсаулық сақтау министрлігінен босатылғанымен, қаржы министрі болып жүргенінде оралмандарға азаматтық алуды қиындатқан заң жобасын дайындауымен және былтырғы жер дауында «халықпен жұмыс істей алмағаны үшін» қаржы министрлігінен қуылғанымен ел есінде қалғанын газетіміздің өткен санында, ол вице-премьерлікке тағайындалмас бұрын («Сағынтаев Досаевты сағынып отыр ма?», «Жас Алаш», 29 тамыз) жазған едік.

"Асқар Мырзахметов, премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі: Субсидия – ақшаны таратып бере салу емес..." - Ауыл шаруашылығы саласының тірлігі қашанда қауырт. Жыл он екі ай жұмысы еш саябырсыған емес. Соңғы кездері бұл салада үлкен реформалар жасалуда. Әрине, бұл өзгерістерге сын көзбен қараушылар да көп. Содан болар, ауыл шаруашылығы саласының жұмысын әңгіме ете қалсаң, ел лезде қызу пікірталасқа айналдырады. Яғни жұртты мазалайтын мәселе жетерлік. Міне, премьер-министрдің орынбасары – ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовпен болған әңгімеде осы саланың түйткілді мәселелері кеңінен айтылды.

"Ел болам десең, есігіңді түзе!" - Көші-қон сынды құбылыстың бір-біріне қарама-қарсы қос қыры бар: иммиграция, яғни елге келу және эмиграция, яғни елден кету. Америкалық Boston Globe басылымы жақында иммиграция үшін ең оңтайлы әрі ыңғайлы елдердің тізімін жасақтаған екен, онда Қазақстан 46-орынды иеленіпті. Зерттеу 80 елді қамтып, онда экономикалық тұрақтылық, табыстар теңдігі, еңбек нарығы мен бизнес-лидерлері және элита өкілдерінің елдегі жағдайы туралы ой-пікірлері негізге алыныпты.

INFORMBURO.KZ. "Құрбан айт пен қажылық: көне таным мен жаңа бизнес" - Құрбан шалудың мәні – жаппай мал сою емес. Нағыз қажылықтың мәні де басқада. Кеңес үкіметі орнағанға дейін бұл туралы қазақ ғұламаларының пікірі өзгеше болған.

QAZAQTIMES.COM. "Серікболсын Әбділдин: Біздің конституция президентке қызмет ететін конституция" - 1993 жылы біз  алғашқы Конституцияны қабылдадық. Президент ол конституцияны жаратпай 1995 жылы екінші конституцияны қабылдады. Бірінші конституцияның барлық бағыты демократия болатын. 1990-1995 жылғы Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің төрағасы, қоғам қайраткері, саясаткер Серікболсын Әбділдин  осылай дейді.

"Елеусіз Сопиев: Энергия құны 8-10 теңге болатын құрылғыны ойлап таптым" - Қазақстан экономикасының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды салалардың бірі – энергетика. Биыл Қазақстан осы салаға басымдық берілгенін дәлелдеу үшін EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізіп жатыр. Ал бұл көрме энергетика саласына өз үлесімді қоссам деген ел азаматтары үшін берілген үлкен мүмкіндік. Міне, осы мүмкіндікті пайдаланып, халықтың игілігі үшін жұмыс істесем дейтін азаматтар бар. Біз сондай азаматтардың бір Елеусіз Сопиевпен сұхбаттасқан едік. Ол қалдықсыз, зиянсыз экологиялық таза энергетика құрылғысын ойлап тауыпты.

ABAI.KZ. "Қазіргі судьялардың тең жартысын қызметінен алу керек" - Бұл - сот туралы ақпарат. Өткенде ғана Ақмола облысына қарасты Целиноград аудандық соты өзін-өзі атып өлтірген Өмірбек Жампозовты соттады. Иә, өлген адамды соттады. 

QAMSHY.KZ. "Бұрынғы қазақ бірін-бірі батыр дейтін, қазіргі қазақ бірін-бірі жұлып жейді" - Бүгінде әлеуметтік желі арқылы өзің танымайтын адамды ақтауға да, оған жала жауып даттауға да болады. Бұрындары кітап пен газеттен басын алмайтындар көп болатын дегенді естуші едік, қазір телефоннан басын алмайтын жастар тіпті орта жастағылар көбейіп кетті.  Бүгінде сол телефоннан басын алмай, жаңалықты да басқасын да қарайтын адамдарды оқырман деп атап жүрміз. Бұның қаншалықты дұрыс, бұрыстығы белгісіз, белгілісі өзі араласпайтыны былай тұрсын, жүзін де көрмеген адамдар туралы сұмдық пікір жазатын оқырмандардың саны көбеюде. Сөзге тоқтаған қазақтың жастарының сөзі тіптен майдаланып кеткені де рас.


31 тамыз 2017, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.


FLYADS