Атырау, 25 сәуір 21:35
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

"Қырғызстан мен Қазақстандағы президент сайлауының айырмашылығы", "АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға қалай әсер етеді?", "Ағылшынша қосымша сабақ беруге ақшамен ынталандырмақ", ""Болашақ" бағдарламасының бұралаң жолы"

2 663 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Ағылшынша қосымша сабақ беруге ақшамен ынталандырмақ" - Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2019 жылдан бастап елде ағылшын тілінде сабақ берген пән мұғалімдеріне 25 пайыз үстеме жалақы төленетінін хабарлады. Министрлік өкілі Зейнеп Мақсұтова Азаттыққа сұхбатында оның мән-жайын түсіндірді.

"Қырғызстан мен Қазақстандағы президент сайлауының айырмашылығы" - Тамыздың 1-інде Қырғызстан президенттігіне кандидаттар ұсыну аяқталды. Осы кезге дейін президент сайлауына түсуге өтініш берген адам саны 50-ден асқан. Олар президенттікке шынайы кандидаттар ма, ал көрші елдерде "демократияның бұлайша салтанат құруы" неліктен екіталай?

""Болашақ" бағдарламасының бұралаң жолы" - Қазақстандық студенттерді шетелде даярлау жүйесі кейін олардың елде жұмыс істеуіне қатысты туатын жанжалдарға үнемі түрткі болады. Мұның сыры неде?

ZHASALASH.KZ. "АҚШ-тың санкциясы Қазақстанға жете ме?" - АҚШ конгресі аннекциялап алған Қырымын Украинаға қайтармай отырған Ресейге қатысты жаңа санкцияның жобасын бекітті. Кремль ауыр қабылдаған бұл бастаманы саясаттанушылар «Ресейдің мақсаттары мен жоспарларын талқандайды» деп бағалады. Сондай-ақ сарапшылар «бұл санкцияның салқыны Қазақстанға да тиеді» дейді.

"Ақаевтың күйеубаласы сотталды" - Орталық Азиядағы саяси режимдерде күйеубала тақырыбы – бас ауыртатын басты мәселенің бірі. Он шақты жылдан бері күйеубала ісінде шешуі күрмеуін таппаған Қырғызстан соты экс-президенттің күйеубаласын, яғни біздің жерлесімізді сырттай 20 жылға соттап тынды.

INFORMBURO.KZ. "Илон Масктің қонатын зымырантасығышы Байқоңырдың бүгінгі тынысын тарылта ма?" - Биыл тұңғыш ғарыш ракетасының ұшырылғанына 60 жыл. Осы аралықта Америка қайта қонатын зымырантасығыш жасады. Ал Байқоңырдың бүгінгі тіршілігінде өзгеріс аз.

QAZAQTIMES.COM. "Корей түбегі қайшылығының жаңа бейнесі – кім кінәлі?" - Күрделі де ауқымды Солтүстік Шығыс Азия қайшылығы бүгінгі күнде әлемдегі Орта, Таяу-Шығыс мәселесімен деңгейлес, тіпті ядролық соғыс қаупі жағынан теңдессіз үлкен қайшылық болып саналады. Осы жылы бұрынғыдан да жиілей түскен  Солтүстік Кореяның баллистикалық зымыран сынағы АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея елдерін қатты алаңдатып отыр. Біз төменде Корей түбегі мәселесінде тікелей мүдделі тараптардың қазіргі жағдайын саралап көрелік.

ABAI.KZ. "Біз қандастарымызды құқықтық тұрғыдан қолдауға да дәрменсізбіз..." - Қытай билігінің этникалық қазақтарға қатысты жүргізіп отырған асыра сілтеу саясаты әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қызу талқыға түсіп жатқаны белгілі.  «Abai.kz» ақпараттық порталының редакциясына араша сұрап, келіп жатқан қандастарымыздың жанайқайын үзбей жариялап жатқанымызды оқырман қауым да жақсы біліп отырса керек. Өкінішке қарай, әзірге Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі, өзге де құзыретті органдар  бұл мәселелерге қатысты қандайда бір мәлімдеме жасай қойған жоқ. Жасамауы да мүмкін. Өйткені Қазақстан тарапы сырттағы этникалық қазақтарды  қорғауға құқықтық тұрғыдан дәрменсіз.

"Қытайлықтар қазақстандық ұлт ретінде Ассамблеяның мүшелігіне өтіп жатыр" - Қытай шовинизм идеяларының таралуына саяси платформаны өзіміз жасап беріп отырмыз. Бұлай деуімізге себеп Facebook әлеуметтік желісінде «Қытайлықтар қазақстандық ұлт ретінде ҚР Халқы Ассамблеясының мүшелігіне өтіп жатыр» деген ақпарат тарап жатыр. Егер бұл ақпарат рас болса, ассамблеяға қазақстандық ұлт өкілі ретінде қытайлықтарға квота арқылы орын берілетін болса, қытай үшін «Халықтар Ассамблеясы» аясында этнос, ұлт ретінде парламентке, одан әрі ел билігіне өтулеріне мол мүмкіндік ашылады.

QAMSHY.KZ. "АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары Қазақстанға қалай әсер етеді?" - АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларды енгізбек ниеті бұған дейін хабарланған. 1 тамыз күні АҚШ президенті Дональд Трамп антиресейлік санкция туралы заңнама құжаттарына қол қойды. Екі мемлекет арасындағы саяси алауыздықтардың толқыны Қазақстанға қаншалықты әсер етеді? Қазақстан мен Ресей көрші мемлекеттер. Оның үстіне, Еуразиялық экономикалық одақтың мүшелері, яғни одақтас мемлекеттер. Сол себепті, Ресейге қарсы санкциялардың бір ұші Қазақстанға міндетті түрде тиері анық. Алайда қаншалықты және қай жағынан әсер етпек?

INFORM.KZ. "«Инновациялық балаларды» жетілдіру үшін әдебиетті дамыту керек - Айдос Сарым" - «Озар елдің баласы кітап оқиды, тозар елдің баласы смартфон шұқиды» бүгінгінің өзекті мақалы болып тұр. Бұл бір жағынан цифрлық қоғамның заманауи жетістіктерінен болса, екінші жағынан еліміздегі балалар әдебиетінің жағдайын көрсетеді. Қазақстандағы балалар әдебиеті неліктен миллиондаған қазақ баласының сұранысына жұмыс істемей отыр? Неге оқырман мен әдебиет арасында байланыс жоқ? Балалар әдебиеті нарық жағдайына неге икемделе алмай қалды? Осы және өзге сұрақтарға саясаттанушы, қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кеңесшісі, «Алтын қалам» әдеби байқауын ұйымдастырушыларының бірі Айдос Сарымнан сұрап білуге тырыстық.


2 тамыз 2017, 14:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.