Атырау, 22 қараша 03:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

Кенепте бейнеленген Атырау

4 330 просмотра


Жұмысқа кешігіп қалмайын деп жүгіріп бара жатқанда, жаңа Неке сарайының жанында мольберт ұстаған бірнеше суретшіні көріп, жандарынан өтіп кете алмадым.

Сөйтсем, олар осы сәулетті ғимараттың суретін салып отыр. Ал жалпы төрт күннен бері Атыраудың түрлі қызықты жерлерін кенепке бейнелеп жүр екен.

- Таңертең бізді автобус алып кетеді де белгіленген жерге апарады. Мәселен, дүйсенбі күні біз Жеңіс бағы мен Авангард жақтағы жаяу жүргінші көпірінің, сейсенбіде – Жилгородоктағы Құрманғазы атындағы Мәдениет сарайы ғимаратының суретін салдық. Сәрсенбіде көне Сарайшыққа бардық, енді міне, Неке сарайының суретін салып отырмыз.

Мұндай шығармашылық белсенділік облыстық көркемсурет және сәндік-қолданбалы өнер музейінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Самға, көркейе бер, Атырауым» байқауының аясында өтіп жатыр екен. Байқауға 20 суретші қатысуда, оның 8-і – Астанадан, Оралдан, Тараз бен Ақтөбеден келген. Олардың әрқайсысы Атырау келбеті бейнеленген төрт картинаны ұсынуы тиіс. Сыйлықтар мен байқауды ұйымдастыруға қаржыны жергілікті бюджет бөліп отыр.

Анастасия АЛЮШИНА

Суретті түсірген автор

25 тамыз 2017, 16:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.