Жуырда Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде Ресей және қазақстандық «Жайық - достық өзені» XXI экспедициясының «Туған жер» фото көрмесі ұйымдастырылды. Оған 40-қа жуық фотокартиналар ұсынылды.
Бірлескен «Жайық - достық өзені» экспедициясы 1997 жылдан бері жүргізіліп келеді.
- Көпжылдық жобаның басты мақсаты – Жайықтың экожүйесін сақтау, - дейді экспедицияның тұрақты мүшесі, «Уральский репортер» газетінің редакторы Сәуле ЗАЙДУЛЛИНА. - Экспедиция кезінде Жайық бойында орналасқан ауыл тұрғындарымен кездесіп, табиғатты қалай сақтап қалу керектігін талқыладық. Өзен өнеркәсіп сарқындыларынан да зардап шегеді. Экспедиция Жайық өзеніне ерекше қорғалатын табиғи аймақ мәртебесін беру үшін құжаттар дайындауда.
Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ
Суретті түсірген автор