Атырау, 23 желтоқсан 12:15
 ашықВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Дарабоздар дәріс беруде

6 501 просмотра

Халифа Мусинаның оқушыларының қолынан шыққан костюмдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

14 наурызда Кіші өнер академиясында  екі атаулы сынып ашылды. Оның бірі Қазақстан суретшілері мен дизайнерлер одағының мүшесі Халифа МУСИНАНЫҢ, екіншісі – қолөнер  шебері Омар МАХАМБЕТТІҢ сыныбы.

– Біздің академия болашақта өнермен айналысам  деп армандайтын балалар үшін ерекше бір оқу орнының бірі. Біздің ұстаздарымыздың біліктілік дәрежесінің жоғарылығы оқушыларымызға Флоренциядағы «Микеланджело» өнер институтынан тәжірибеден өтуге, республикалық, халықаралық фестивалдарда  жеңіске жетуге мүмкіндік береді,- дейді директордың арнайы пәндер бойынша орынбасары Дина ХАЙДАРОВА.  – Олардың әрқайсысы өз оқушылары үшін нағыз тәлімгер бола білді. Атаулы сыныптардың ашылуы – бұл біздің ұстаздарымызға деген құрмет болып табылады.

Кіші өнер академиясы Атыраудағы өнердің базалық мектебі, ал, оның оқытушылары тек балаларды ғана оқытып қоймай, басқа оқу орындарының педагогтары үшін шеберлік дәрістерді ұйымдастырып, олармен өздерінің әдістемелік жұмыстары және тәжірибелерімен бөліседі. 

Академия түлектері бүгінгі таңда музыкалық колледждерде, кіші өнер академиясының өзінде дәріс береді, республикалық теледидарларда жұмыс жасайды, Жүргенов атындағы академияда, облыстық драма театрында, халық шығармашылығы орталығында және филармонияда еңбек етеді. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА, суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

21 наурыз 2012, 15:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.