Атырау, 24 қараша 03:26
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Мұсылмандарға арналған әлеуметтік желі ашылады

1 825 просмотра

Жақында интернет кеңістігінде мұсылман қауымға арналған әлеуметтік желі - Salamworld өз қызметін бастайды деп хабарлады Deutsche Welle.

Бұл жоба авторларының айтуынша, Facebook сияқты жаңа портал "мұсылман шарттары бойынша жасалады".

Алдағы үш жылда 50 миллион доллар инвестиция жұмсалуы тиіс жобаға Қазақстан мен Ресей кәсіпкерлері қаржы салған. Ислам елдерінің 40-50 миллионға жуық интернет қолданушыларына арналған Salamworld сайтын ашуға дайындық жұмыстары Стамбул, Мәскеу, Каир қалаларында жүріп жатыр. Оны шілдеде, яғни Рамазан айында іске қосу жоспарланған.

12 елдің мамандары тартылған сайт тоғыз тілде - ағылшын, араб, орыс, түрік, парсы, француз, индонезия, малайзия және урду тілдерінде болады.

Қазір әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желілердің бірі Facebook-тің 800 миллион қолданушысы бар. Қытайдағы Sina Weibo әлеуметтік желісінде 227 миллион, Ресейдің Vkontakte желісінде 100 миллион адам бар.

Дереккөз: "Азаттық радиосы"

9 наурыз 2012, 23:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.