Атырау, 23 қараша 06:55
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Сырлы саздар

2 230 просмотра

«Тхоньил» корей этномәдени орталығының жанынан құрылған «Соронг» хорына қатысушы әжейлердің шынайы оптимизмге толы жымиған жүздері жүректі баурап алады.

8 наурыз қарсаңында «Тхоньилде» осы жандар құттықтаулар қабылдап, ән салды, достарымен, туысқандарымен шүйіркелесті. Айтпақшы, Атыраудағы корейлер қауымы – саны бойынша ең тұрақты халық, бізде олардың 3000-дай ұлт өкілдері тұрады.

«Соронг» хоры осыдан бір жылдай бұрын құрылды. Жалындаған корей әжелері бір ай табанды түрде тер төккеннен кейін танымал «Катюшаны» орындап, алғашқы өнерлерін көрсетті. Бүгінде олар –қалада өтетін кез-келген шараның белсенді қатысушылары.

- Маған әжейлер хорын жинауға тапсырма берген кезде аздап қорыққан едім, - деп мойындайды «Тхоньил» корей этномәдени орталығының ақсақалдар кеңесінің төрайымы Людмила Семеновна Цой. – Ниет білдірушілер табыла қоймас деп ойладым.  Құрбыларыма, таныстарыма қоңырау шала бастадым. Сөйтіп, хор айтатын 10 адам жиналды. Ал содан кейін бізге басқа да әжейлер келе бастады. Бүгінде хорымызда 17 әжей ән айтады. Ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, дайындық жасауға жиналып тұрамыз.

«Соронг» хорының репертуарында корей, қазақ, орыс әндері бар. Әжейлер кез-келген тақырыпта ән салады. Бірақ олардың ең бастысы - әрине, махаббат туралы (корейше «соронг»).

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген автор

7 наурыз 2012, 22:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.