Атырау, 26 желтоқсан 19:34
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Нью-Йоркке шақырту алды

1 888 просмотра

Кіші өнер академиясының  жас бишілері Мырзахан МЫҢБАЕВ пен Сәттібек МӘЖИТ халықаралық «Би олимпі» (Берлин) байқауының дипломанттары атанды және Нью-Йоркке оқуға шақырту алды.

Таңдаулы би байқауына Америка, Канада, Бразилия, Жапония, Корея, Еуропа және ТМД елдерінен жас таланттар келді.

Байқаудың деңгейінің қаншалықты жоғары екендігін әділқазылар алқасының құрамына қарап аңғаруға болады. Оның құрамында әлемдік балет жұлдызы  Владимир Васильев, Берлин опера және балет театрының бас балетмейстері  Владимир Малахов, Үлкен театрдың бұрынғы прима-балеринасы  Валентина Козлова және басқа да осы саланың майталмандары болды.  Валентина Козлова балалар үшін шеберлік дәрістерін өткізді. Мықты балет мектептерімен мақтана алатын Жапония, Корея, Белоруссия секілді елдердің бишілері өнер көрсетті. Байқаудың бас жүлдесін Орынбордан келген – кіші би тобы «Халықтық би» номинациясы бойынша жеңіп алды. Сондай-ақ, Корея мен Белоруссияның талантты бишілері ерекше көзге түсті. Дегенмен, біздің биші балаларымыз да олардың тасасында қалып қойған жоқ,  -дейді өз оқушыларына риза болған кіші өнер академиясының хореография кафедрасының меңгерушісі Талғат ҒАТАУОВ. «Дон Кихот» және «Пламя Парижа» балетіндегі вариацияны орындаған Мырзахан МЫҢБАЕВТЫҢ  (10 сынып, классикалық би) шеберлігі Валентина Козлованы таңдандырғаны соншалық, ол бозбаланы өзінің Нью-Йорктегі мектебіне оқуға шақырды. Бұдан басқа, ол осы жазда Бостонда өтетін халықаралық би байқауына қатысуға жолдама алды. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

7 наурыз 2012, 22:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.