Атырау, 9 қараша 21:32
 ашықВ Атырау +4
$ 491.71
€ 529.97
₽ 5.05

Інілерін аямайтын “ағалар”

1 325 просмотра

Қалалық прокуратура Атырау мектептеріне социологиялық ананонимді сауалнама жүргізді. Оқушылар жоғарғы сынып балаларының тарапынан үнемі қысымшылық көретіндіктерін растады.

Атырау прокурорының аға көмекшісі Есболат ЕДІЛБАЕВхабарлағандай, сауалнама биылғы жылдың қаңтарында  қаладағы 40 мектепте оқитын 7-11 сынып оқушыларының арасында жүргізілген. Сауалға барлығы 5 202 оқушы жауап беріпті.

«Мектепте қорқытып алушылыққа тап болдың ба?» - деген сұраққа 24 оқушы «иә» деп жауап берген. Оның екеуі осындай жағдаймен әлденеше рет бетпе-бет келгенін айтады. 60 шақты бала ақшаларын көбінесе мектептеріне келетін басқа оқу орындарының оқушыларының тартып алатынын әңгімелейді. 200-ден астам бала мектептерде бейресми көсемдер бар екенін мойындаған.

Сауалнама барысында Атамбаев атындағы №8 және Сәтбаев атындағы №19 орта мектептердің оқушылары мектеп инспекторларының жоқтығына шағымданған. Әуезов атындағы №7 мектеп оқушылары өздеріндегі мектеп инспекторының жұмыста жиі болмайтынын мәлімдепті.

Есболат Еділбаевтың айтуынша, тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Атырау ІІБ мен қалалық білім беру бөлімінің тарапына прокурорлық әрекет ету актілерін енгізген.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

29 ақпан 2012, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.