Атырау, 23 қараша 23:32
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қабанды атуға рұқсат етілді

1 983 просмотра

Үкімет биылғы жылы жабайы жануарларды атуға рұқсат беретін лимитті бекітті. 

Орман және аңшылық шаруашылығы аумақтық басқармасының бөлім бастығы Сақтап ӘЛІПҚАЙЫРОВТЫҢ хабарламасы бойынша, Атырау облысына 2012 жылға 90 түлкі мен қарсақтың түрлеріне, 1 000 қоян, 100 қабан, 9 900 қаз, 94 000 үйрек, 1 000 қасқалдақ және  900 құр атуға лимит берілді.

Аңшылар жабайы құстардың азайып кеткендігін және Каспий деңгейінің төмендеуінен оны аулаудың қиындай түскендігін айтып отыр. Олардың көпшілігі дәрежелері жоғары тұлғалардың қабанды ату жолдамасын кезексіз алатындығын және сол себепті «қатардағы» аңшылар үшін қабан экзотикаға айналғандығын баяндайды.

Анастасия ПАСТУХОВА

16 ақпан 2012, 17:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.