Әдетте, дәстүрлі түрде қазан айында бастау алатын эпидемиологиялық маусымның өткен жылғы кезеңімен салыстырғанда облыста сырқат деңгейінің екі есеге дейін төмендегені байқалады. Жыл басынан бері маусымдық тұмаудың бір ғана жағдайы тіркелді.
Апта сайын өткізіліп отырған мониторинг мәліметтеріне сәйкес, өткір респираторлық вирусты инфекцияға шалдығушылардың шарықтау шегі қаңтардың үшінші онкүндігіне тұспа-тұс келіп, 630 жағдай тіркелді. «Сырқат» дендеген күн - 23 қаңтар деп аталып отыр. Сол күні дәрігерлерге бірден 140 адам қаралған. Эпидемиологиялық маусымға күні бұрын дайындалып, екпе салдырған облыс тұрғындарының саны 51 204 адам болды, олардың ішінде вакцинаны 6 285 адам тегін алса, ақылы түрде 17 113 адам алды. Ал, жұмыс берушінің есебінен 27 806 адам егілді.
Зульфия ИСКАЛИЕВА