Атырау, 23 қараша 23:40
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қыстақтар қыстың қысымында қалды

6 259 просмотра

Индер ауданы қыстақтары азық-түліксіз қалды. Жем-шөп бағасы да аяқ асты қымбаттап кетті.

Индер ауданында 221 қыстақ бар, оның 187-і жекеменшік шаруалардың үлесінде. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің маманы Саулет ЕСЕТОВТЫҢ мәлімдеуінше жемшөп қоры бір айға жетеді-мыс. Бірақ шаруалардың жағдайы келісіп тұрған жоқ. Азық-түліктері, малға жемі таусыла бастағандары да жоқ емес. Шаруаның орталыққа келуге жағдайы жоқ, себебі қалың күртік қарлар жолдарды мүлдем басып тастаған. Қарға адым жер мұң болған шаруалармен тек телефон байланысы ғана бар. Шөп бағасы аспандап кеткен, 250 килограмдық рулон шөптің бір данасы 5,5-6 мың теңгеге жеткен. Күзде бір рулон шөп 3 мың теңге болатын. Жем де қымбат.

Қызылқоға ауданы әкімі Сырым РЫСҚАЛИЕВ бір рулон шөпті 7 мыңнан 5 мыңға дейін түсіру үшін пішеншілермен келісім жүргізгенін жеткізді. Бұл жақта да қыс қатты, 7, 8 ақпандағы қарлы борасыннан Тасшағыл, Қарабау селолармен қатынас үзіліпті.

Махамбет ауданы әкімшілігі бір апта бойы алыс қыстақтарға көлік жіберіп тұрған. Шаруалардың туыстары керек, жарақтарды алып баруына жағдай жасапты. Мұнда 16 қыстақ бар көрінеді.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

16 ақпан 2012, 17:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.