Бұл жағымды жаңалыққа индерліктер сегіз жылғы табанды күрестен соң қол жеткізді. Бұған дейін жыл сайын ата-аналар балаларын ұлттық тестілеуден өткізу үшін 120 шақырымдағы Махамбет селосына апарып жүретін еді.
Бірнеше шақырымдағы селоға екі күн бойы сабылып жүру түлектер тұрмақ, ата-аналар мен мұғалімдердің жүйкесіне тиіп болған.
Бүгінде Индер аудандық білім бөлімінің бастығы Бағытжан МУСАҒАЛИДЫҢ айтуынша ҰБТ өтетін Ш. Уалиханов мектебі базалық жағынан толық қамтылыпты. Барлық жұмсалатын шығындар бағдарламалар бойынша есептеліп қойылған. Енді тек Мнистрліктің рұқсаты қалыпты. Биыл аудан бойынша 421 оқушы бітіреді деген есеп бар.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА