Атырау, 26 желтоқсан 16:41
 бұлттыВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Балалық шақты аяла!

1 974 просмотра

Жұмыс күні 12 сағат болғандықтан №9 мектептің оныншы сынып оқушысы са-баққа бармаған. Бұл сұмдық факт  өткен жылдың желтоқсанында прокуратура өткізген «Түнгі қаладағы балалар» акциясының барысында анықталды.

Акция барысында 20 күннен астам уақыт мектепке сабаққа бармаған 3 бала анықталған. Бірқатар мектептерде 400-дей оқушы ыстық тамақпен қамтылмаған, олардың 100 шақтысы – аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар. Политехникалық колледжде студенттерді күніне екі рет аудиторияда тазалау жұмыстарын жасауға мәжбүрлеген.

Прокуратураның бөлім бастығы Қайырбай ҚЫСТАУБАЕВТЫҢақпараты бойынша, 2011 жыл ішінде қалалық прокуратура балаларға қатысты барлығы 548 заң бұзушылықты анықтап, 400-дей кәмелетке толмаған балалардың конституциялық құқықтарын қорғаған.

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

15 ақпан 2012, 20:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.