Атырау, 24 қараша 00:08
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Пойыздар батып қалды

1 965 просмотра

8 ақпан күні таңғы сағат 5-те Құлсары қаласынан 18 шақырым жерде Атырау-Маңғышлақ бағытындағы жолаушылар пойызы қар күртігіне малтығып қалды. Сол күні күшті боранның салдарынан тағы 7 жолаушылар пойызы Мақат – Құлсары учаскесінде тұрып қалды.

Облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Самал АБИРОВАНЫҢ ақпараты бойынша, темір-жолдағы күртік қарды аршу жұмыстарын Атырау мен Құлсарының тасымалдау бөлімінің 60 жұмысшысы мен 4 маневр тепловозы атқарған. Төтенше жағдай болған жерге түнгі уақытта жұмыс істеу үшін электрлі дизельдік қондырғы жеткізіліпті. Бұдан басқа, Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің, Жылыой АІІБ-нің қызметкерлері, медицина қызметкерлері келген. Пойыздардың жолаушыларына ыстық тағам берілген.

Диспетчерлер Шоқпартоғай разъезінде «Алматы – Маңғышлақ», Құлсары стансасында «Душанбе – Мәскеу» және «Астана – Маңғышлақ», №468 разъезде «Маңғышлақ – Атырау», №472 разъезде «Ақтөбе – Маңғышлақ», Мақат стансасында «Мәскеу – Душанбе» пойыздарын тоқтатқан.

Облыстық ТЖД бастығының орынбасары Асылбек ӨТЕҒАЛИЕВ хабарлағандай, 9 ақпан күні таңертең пойыздар қозғалысы қалпына келтірілді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

15 ақпан 2012, 20:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.